"Мир" виртуалды / пластикалық картасын шығару бойынша кеңес алуға өтінім
Құрметті клиент! «Мир» картасын ашуға алдын ала өтінімді толтырыңыз.
Мамандар кеңес алу үшін Сізбен байланысады.
Сауалдар:
Қалай ресімдеуге болады?
Банк ВТБ (Қазақстан) кез келген бөлімшесінде РФ азаматтары үшін – ЖСН және ЖДШСН міндетті болып табылады.
ҚР бейрезиденті-жеке тұлғасы:
- Жеке басын куәландыратын құжат – шетелдік паспорт;
- ҚР ЖСН бланкі;
- Клиенттің салықтық резиденттігін растайтын құжат;
- ҚР аумағында болуға рұқсат беретін құжат;
- Табыс көзін құжаттық растауды ұсыну қажет.
Қандай валютада?
Теңге
«Мир» картасын қалай толықтыруға болады?
Банк ВТБ (Қазақстан) АТТ және кассаларында, сондай-ақ QIWI және Yurta терминалдарында.
«Мир» картасын қай жерлерде қабылдайды?
«Мир» карточкасын Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшелерінде қаражатты алу және толықтыру үшін, «Мир» төлем терминалдары тұрған сату нүктелерінде тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін, сондай-ақ «Мир» карточкаларын қабылдауы қамтамасыз етілген елдерде пайдалануға болады:
- Вьетнам (NAPAS төлем жүйесінің инфрақұрылымында (BIDV, VRB банктері)
- Армения (қолма-қол ақшаны алып, сатып алуды ArСa төлем жүйесіне қатысушы банктердің құрылғыларында төлеуге болады)
- Тәжікстан (қолма-қол ақшаны алып, сатып алуды Корти Милли және Express Pay (Душанбе Сити) төлем жүйесіне қатысушылардың құрылғыларында төлеуге болады
- Беларусь (қолма-қол ақшаны алып, сатып алуды БЕЛКАРТ төлем жүйесіне қатысушы банктердің құрылғыларында, сондай-ақ Беларусь ВТБ-да төлеуге болады)
- Қырғызстан (қолма-қол ақшаны алып, сатып алуды ЭЛКАРТ төлем жүйесіне қатысушы банктердің құрылғыларынан төлеуге болады)
- Өзбекстан (төлем жүйесіне қатысушы банктердің құрылғыларында қолма-қол ақша алуға және сатып алуларға ақы төлеуге болады)
- Ресей аумағында «Мир» картасы банктік карточкаларға қызмет көрсететін кез-келген жерде жұмыс істейді, бұл шамамен 85 аймақ.
Толық ақпарат https://privetmir.ru/ сайтында.
Виртуалды/пластикалық картадан ақшаны қалай алуға болады?
Виртуалды картадан ақшаны Банк ВТБ (Қазақстан) кассаларынан, сондай-ақ «Мир» төлем жүйесіне қатысушылардың басқа банктерінен алуға болады.
Пластикалық картадан ақшаны Банк ВТБ (Қазақстан) банкоматтарынан және кассаларынан, сондай-ақ «Мир» төлем жүйесіне қатысушылардың басқа банктерінен алуға болады.
Аударымдарды қандай банктерге жіберуге және алуға болады?
«Мир» картасынан карталық аударымды «Мир» төлем жүйесінің қатысушысы болып табылатын кез келген (қазақстандық емес) банктің «Мир» картасына жүзеге асыруға болады.
Төлемді қай жерде жүргізуге болады?
«Мир» картасы бойынша төлемді интернет желісінде, «Мир» картасын төлеуге қабылдайтын POS-терминалдарда, сондай-ақ Банк ВТБ (Қазақстан) мобильді қосымшасында жүргізуге болады.
Айырбастау қандай бағам бойынша болады?
Карта шотын жүргізу валютасынан басқа валютада қолма-қол ақшаны сатып алу және алу операциялары «Мир» төлем жүйесінің бағамы бойынша жүргізіледі.
Теңгемен «Мир» картасына рубльмен кіріс карталық аударым Банк ВТБ (Қазақстан) бағамы бойынша жүргізіледі.
Mir Pay-ға қалай қосылуға болады?
Mir Pay — «Мир» төлем жүйесінің мобильді қосымшасы. Онымен Сіз телефон арқылы тауарлар мен қызметтерге қауіпсіз, жылдам, ыңғайлы ақы төлей аласыз.
Mir Pay-ге қосылу үшін картаны Mir pay қосымшасында тіркеу керек: картаның толық нөмірін, CVV кодын, картаның жарамдылық мерзімін енгізіп, картаны ұстаушының телефон нөміріне жіберілетін құпия сөзбен тіркеуді растаңыз.
Қосымшаны қалай жүктеуге болады?
Android қосымшасын андроид телефондарына арналған дүкендерден (google play) жүктеуге болады. Толық ақпарат www.privetmir.ru сайтында.
Картаны (виртуалды) онлайн аша аламын ба?
Жоқ. Виртуалды карта бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшелерінде шығарылады.