Кепілдік берілген өтемді төлеудің жаңа тәртібі туралы хабарландыру

Осы хабарламамен Банк банктік шот және (немесе) банктік салым шарты жасалған өз клиенттері-жеке тұлғаларды (бұдан әрі – салымшылар) салымдарға кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиядан айырылған жағдайда кепілдік берілген өтемді төлеудің жаңа тәртібінің енгізілгені туралы хабардар етеді.

Кепілдік берілген өтемді төлеудің жаңа тәртібі салымшыларға қолданылады:

(1) Банк 2021 жылғы 30 сәуірден кейін банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарын жасасқандар үшін, сондай-ақ

(2) бұрын жасалған банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 1 мамырдан бастап жаңа мерзімге ұзартылған болатындар үшін.

Кепілдік берілген өтемді төлеудің жаңа тәртібі салымшылардың кепілдік берілген өтемді алудың екі тәсілін көздейді: (1) агент банкте және (2) «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі – ҚДКБҚ) төлемдерін электрондық порталы арқылы электрондық нысанда не «электрондық үкіметтің» веб-порталы. Бұл ретте кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі төлем басталған күннен бастап бір жылға шектеледі.

Агент банктердің тізбесін көрсете отырып, кепілдік берілген өтемді төлеудің басталу күні, ҚДКБҚ төлеу кезеңі мен орындары туралы салымшыларды банк барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиядан айырылған күннен бастап отыз бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

Егер салымшылар төлем басталған күннен бастап бір жыл өткен соң кепілдік берілген өтемді алу үшін жүгінбесе, онда ҚДКБҚ өздері талап етпеген сомаларды ерікті зейнетақы жарналары ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шоттарына аударады.

Кепілдік берілген өтемді төлеудің жаңа тәртібі 2021 жылғы 1 мамырдан кейін барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктердің, сондай-ақ депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу жүріп жатқан және кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 мамырға дейін белгіленген банктердің депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемді төлеуге қолданылатын болады.

Атап айтқанда, «Qazaq Banki» АҚ салымшылары 2022 жылғы 1 мамырға дейін Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ бөлімшелеріне кепілдік берілген өтемді алу үшін жүгінуге құқылы.

Төленетін кепілдікті өтеудің ең жоғары сомасы:

-     ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттер) бойынша 20 миллион теңге;

-     ұлттық валютадағы карточкалар, шоттар және басқа депозиттер бойынша 10 миллион теңге;

-     карточкалар, шоттар және шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 миллион теңге (банкті лицензиядан айыру күніне белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша баламада).

Депозиттерге кепілдік беру мәселелері бойынша, оның ішінде кепілдік берілген өтемді алу тәртібі туралы қосымша ақпаратты салымшылар банк мамандарынан немесе колл-орталықтың 1460 телефоны бойынша тікелей ҚДКБҚ-нан ала алады.