Бөлімшелер мен банкоматтар 5050

Бас Комплаенс-бақылаушы

Банктің Бас Комплаенс-бақылаушысының ресми интернет бетіне қош келдіңіз.

Сәйкестік бақылаушыға хабарлама жіберу үшін сіз келесі өтініш формаларын пайдалана аласыз.

Дербес хабарлама Анонимдік хабарлама

Бас Комплаенс-бақылаушы

Бас комплаенс-контроллердің айрықша құзыретіне Комплаенс-тәуекелдерді басқару саясатының іске асырылуын бақылау, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылмен байланысты функцияларды орындау, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын, Банк қызметіне әсер ететін шет мемлекеттердің заңнамасын бұзу салдарынан шығыстар (шығындар) тәуекелдерін барынша азайту кіреді.

Бас Комплаенс-бақылаушыны Банктің Директорлар кеңесі лауазымға тағайындайды, комплаенс – тәуекелді басқару бойынша өзіне жүктелген функцияларды орындау кезінде тәуелсіз мәртебеге ие болады.

Егер Сізге белгілі болса, әркім Бас Комплаенс-бақылаушыға жүгінуге құқылы: 

Бас Комплаенс-бақылаушыға хабарлама жіберу үшін Сіз "Авторландырылған өтініш" нысанын пайдалана аласыз. Осы нысанды пайдалану үшін төмендегі "Авторландырылған өтініш" сілтемесі бойынша өту қажет. Мұндай өтінішті Бас Комплаенс-бақылаушы міндетті түрде қарайды және назарға алады.

Егер Сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді көрсетпеуді қаласаңыз, "Жасырын өтініш" нысанын пайдаланып, анонимді хабарлама жіберуге құқылысыз. Бұл жағдайда Бас Комплаенс-бақылаушы жасырын өтініштерді қарауға қабылдау құқығын өзіне қалдырады.