Қарызгер - жеке тұлғалардың проблемалық берешегін реттеу
Қарызгер – жеке тұлғалардың берешегін реттеу шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарызгер - жеке тұлғаға қатысты қолданылатын шаралар
Қандай себептермен банкке жүгінуге болады?
- Жұмыссыз қалу (жұмыстан қысқарту, өз еркімен жұмыстан кету);
- Еңбекақының төмендеуі/кешіктіру, ақысы төленбейтін демалыс;
- Декрет немесе баланы күтуге берілетін демалыс;
- Қарыз алушының ауруына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы;
- Асыраушысыз қалу (жақын туыстарының қайтыс болуы, ажырасу және т. б.);
- Өзге де мән-жайлар, оның ішінде форс-мажорлық мән-жайлар / төтенше жағдайлар
Қарыз алушы – жеке тұлғаның берешегін реттеудің шарттары мен тәртібі қандай?
«Қазақстан Республикасындағы Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 61 бабы 2 тармағында көзделген Берешекті реттеу шарттары мен тәртібі.
Банк қызметін ұсыну ережелеріне (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2026 жылғы 15 мамырдағы №91 Қаулысы) 2 қосымша
Өтінішті қалай береді?
1. банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алу себептері, ағымдағы табыстар және банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен Сіздің өтінішіңізге себеп болған (негіздейтін) басқа да мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу бойынша банк бөлімшесіне және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы жазбаша түрде өтініш беріңіз: электрондық пошта Info@vtb-bank.kz немесе банктің интернет-ресурсы. Қарыз алушы – жеке тұлға көрсетілген өтінішті Банк Қарыз алушыға банктік қарыз шарты бойынша ақшалай міндеттемелерді орындаудың мерзімі өтіп кеткені туралы хабарлама жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беруге құқылы.
2. №1 қосымшаға сәйкес табыстардың төмендегенін және берешекті төлеу мүмкінсіздігін / банктік қарыз шартының ағымдағы талаптары бойынша міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан мән-жайлар туралы растаушы құжаттарды ұсыныңыз.
3. Жоғарыда көрсетілген өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіпте Банк Қарыз алушы – жеке тұлға ұсынған банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарайды, Қарыз алушы — жеке тұлғаға банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы банк қабылдаған келесі шешімдердің бірі туралы жазбаша түрде хабарлайды.
қарыз алушы ұсынған банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізуге келісу;
Банктің Қарыз алушыға банктік қарыз шартына өзгерістер енгізу туралы қарсы ұсынысы;
банктік қарыз шартының талаптарына осындай бас тартудың себептерін дәлелді негіздей отырып, Қарыз алушы ұсынған өзгерістерді енгізуден бас тарту.
Қарыз алушы талаптарды орындамаған жағдайда Банк қабылдайтын шаралар:
1. Ақшаға, оның ішінде ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес қарыз алушының банктік шоттарында бар ақшаға төлем талаптарын қою арқылы даусыз тәртіпте өндіріп алу;
2. Банктік қарыз шарты бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап арызбен жүгінуге, сондай-ақ кепілге салынған мүліктен соттан тыс тәртіпте («Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе сот тәртібінде өндіріп алуға;
3. Қарыз алушының берешегін құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты бойынша сервистік компанияға сенімгерлік басқаруға беру;
4. Берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға және реттеуге коллекторлық агенттікке беру;
5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 63-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талапты) беру.
Байланыстар:
Банк бөлімшесінде, сонымен қатар проблемалық берешекті реттеу мәселелері бойынша кеңес беруді 5050 тегін нөмірі бойынша беруге болады (6 санын басыңыз).
Кредит бойынша қайта құрылымдау үшін өтінім рәсімдеңізӨтінімді рәсімдеу