Бөлімшелер мен банкоматтар 5050

Қылмыстық кірістің заңдастырылуына қарсы іс-қимыл



«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы № 191-IV Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ «Қылмыстық жолмен алынған кірістің жылыстауына және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша ВТБ тобының шоғырландырылған саясаты» (банк сайтында орналастырылған) енгізіліп, « Қылмыстық жолмен алынған кірістің жылыстауына және терроризмнің қаржыландырылуына қарсы іс-қимыл қолдану мақсатындағы ішкі бақылау тәртібі» қарсы іс-қимыл» бекітілді.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ жоғарыда аталған құжаттарға сәйкес:

Ішкі бақылау жүйесін және Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ заңнама талаптарының орындалуын ұйымдастыру мақсатында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл қолдану мақсатында Банк бөлімшелерінің ішкі бақылау тәртібін сақтауына және оларды орындау бағдарламаларының орындалуына жауапты жұмыскер тағайындалды, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістің заңдастырылуына және террористік қызметтің қаржыландырылуына қарсы іс-қимыл қолдану мәселелері бойынша жұмыскерлерге тұрақты түрде дайындық жүргізу және оларды оқыту бағдарламасы әзірленді.

Банк басшылығы ұйымдастыру құрылымының барлық деңгейлерінде банк жүргізетін операциялардың сипаты мен көлеміне сай келетін қажетті бақылау жүргізеді, Банктің қылмыстық сипатқа ие қаржы операцияларына тартылуына жол бермейді.

Банктің құрылымдық бөлімшелерінің қылмыстық жолмен алынған кірістердің заңдастырылуына (жылыстатуға) және терроризмнің қаржыландырылуына жол бермеу бойынша ішкі бақылау процедуралары мен Ішкі бақылау тәртібінің талаптарын орындауына тұрақты бақылауды Банктің Ішкі бақылау қызметі жүргізеді.

Қосымша ЕҰ АҚ Банк ВТБ (Қазақстан) АҚШ-ның «Шетелдік шоттарына салық салу» Foreign Account Tax Compliance Act, FATCA) заңын орындау мақсатында АҚШ-ның Салық қызметі порталында «Тіркелген шаррты-сәйкес қаржылық институты» ретінде тіркелді.