Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің зергерлерге, бухгалтерлік ұйымдарға, Риелторларға, заңгерлерге арналған хабарламасы


Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі (бұдан әрі – ҚМА) мемлекеттік бақылау шеңберінде қаржы мониторингі субъектілеріне қатысты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы сақтау бойынша тексеру іс-шараларын жүргізеді, атап айтқанда:

  1. кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерді;

  2. заң консультанттары мен заң мәселелері жөніндегі басқа да тәуелсіз мамандарды;

  3. лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды;

  4. зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларды;

  5. жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін тұлғаларды.

"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген субъектілер қызметінің басталғаны туралы (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерді қоспағанда) elicense.kz сайтында хабарлама беруге міндетті.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған барлық субъектілер міндетті түрде ҚМА web-sfm.kfm.kz сайтында тіркеуден өтуі тиіс.

Аталған заңды талаптарды (ҚР ӘҚБтК-нің 214, 462, 463-баптары) орындамағаны үшін айыппұл санкцияларын қолдануды болдырмау үшін хабарламаны жедел түрде беру және тіркеуден өту қажеттігі туралы хабарлаймыз.

Сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:

  • Бухгалтерлік, зергерлік ұйымдар – Манаспаев Омурзак Болатович, тел: 8 700-0000-922;
  • Риелторлар, Лизинг берушілер – Кажибаев Дархан Онгарович, тел: 8 747-222-18-66;
  • Заң консультанттары және заң мәселелері жөніндегі басқа да тәуелсіз мамандар – Ахметов Куаныш Найруллаевич, тел: 8 701-925-77-53.