Артық төленген соманы қайтару

Құрметті Қарыз алушы!
Төлем тапсырмасының қаражаты бойынша негізгі кіріс көздерінің 50%-нан асатын өндіріп алынған соманы қайтару мәселесін қарастырудың жалақы алу үшін шоттан ұсталған сомаға ҒАНА қатысты болатынына назар аударамыз.
Жалақыдан ұсталатын сома Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 115-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргізіледі. («Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 6-тармағы және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 2-тармағының 1-тармақшасы).
Жеке тұлға болып табылатын борышкердің негізгі кіріс көздерінің 50%-нан асатын мөлшердегі міндеттемелерді есептен шығаруды болдырмау үшін: Банк жалақыны алу үшін ашылған шоттан төлем талабы бойынша артық өндірілген соманы қайтару мәселесін қарастыруға дайын.
Төлем талаптары бойынша артық ұсталған сомаларды қайтару кезіндегі әрекеттер алгоритмі:
-
Келесідей әрекеттерді орындау керек:
- Өтінішті толтыру.
-
Өтінішке келесідей растайтын құжаттарды тіркеу:
- Даулы кезең ішіндегі жалақы туралы есептік парақ (ұйымның уәкілетті тұлғасының қолтаңбасы және мөрі (болған жағдайда) қойылған);
- Уәкілетті тұлғалармен расталған және мөр қойылған даулы кезең ішіндегі ағымдағы шоттың банктік үзінді көшірмесі;
- Жеке сот орындаушысының жалақыдан және басқа да кіріс түрлерінен өндіріп алу туралы қаулысының көшірмесі;
- Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары санатына (бұдан әрi - ӘЖОТ) жатқызылу күйін растайтын ресми құжаттың көшiрмесi (қолданылған жағдайда).
- Өтінішті растайтын құжаттармен бірге Банктің жақын жердегі бөлімшесіне тапсыру немесе құжаттардың сканерленген көшірмелерін Банк сайтындағы тиісті нысанға тіркеу.
- Ұсынылған ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда немесе ұсынылған құжаттарда артық ұсталған ақшаның есебін анықтау мүмкін болмаса, Банк қосымша ақпаратты сұрауға құқылы.
- Егер күнкөріс минимумы мөлшеріне кем болмайтын мөлшердегі жеке тұлғаның ағымдағы шотында сақталатын ақша сомасын ескеріп, ТТ бойынша және сот орындаушысы тарапынан өндірілген сома осы кезең ішінде жалақы сомасының 50%-нан асатын болса, Өтініш беруші өтініш келіп түскен күнге дейін 2 қатар айдан аспайтын кезең ішінде ТТ бойынша артық өндіріп алынған соманы ішінара қайтарып алуға құқылы.
- Өтініш келіп түскен күнге дейін 2 қатар айдан асатын кезең ішінде ТТ бойынша артық өндіріп алынған соманы ішінара қайтарып алу жеке қарастырылады.