Клиенттерге арналған ақпарат
Маңызды! Ақша аударымдарын жүзеге асыратын, оның ішінде үшінші тұлғаның пайдасына төлем карточкасын пайдалана отырып, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ («Банк») клиенттері мен төлем карточкаларын ұстаушылары ақпаратпен танысуға міндетті:
Төлем карточкасының деректемелерін, құпия сөздерді, SMS-хабарламадан кодтарды және құрылғыларға кіруді үшінші тұлғаларға бермеңіз.
Осы арқылы Банк клиентке және Банктің төлем карточкасын ұстаушыға ақша аудару кезінде, оның ішінде төлем карточкасын пайдалана отырып, үшінші тұлғаның пайдасына мынадай ықтимал тәуекелдер / талаптар туралы хабарлайды:
1) үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттерімен байланысты ықтимал тәуекелдер;
2) үшінші тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік, құқық қорғау органовтарының немесе банктердің қызметкерлері ұсынатын адамдардың ықпалымен (өтініші бойынша) ақша аударуды жүзеге асыруға байланысты тәуекелдер;
3) операцияның күшін жою және ақша алушының бастамасы (шешімі бойынша) не сот шешімі бойынша ақшаны қайтару мүмкіндігі
Үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттерінің кейбір түрлері туралы толығырақ сілтеме бойынша танысуға болады: Төлем карточкасын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік