ВТБ Банкінің (Қазақстан) құрметті клиенттері мен серіктестері!
«Заңды тұлғаларға арналған интернет-банкинг» жүйесінің жаңа нұсқасы іске қосылғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз.
Заңды тұлғаларға арналған қашықтықтан банктік қызмет көрсетудің жаңартылған жүйесі ВТБ Банкінің (Қазақстан) клиенттеріне банк бөлімшелеріне бармай-ақ өз кабинеті арқылы банктік қызметтердің кең спектрін алуға мүмкіндік береді.
Жаңа жүйені пайдаланудың артықшылықтары:
- Функционалдық мүмкіндіктерді айтарлықтай кеңейту;
- Түрлі ОЖ, мобильді құрылғылармен, ERP жүйелерімен жұмыс істеу мүмкіндіги;
- Интернет бар кез келген жерде ұлттық және шетел валюталарында аударымдар жасау;
- Шетел валютасын сатып алу / сату;
- Кредиттерді өтеу кестесін және берешектің ағымдағы жай-күйін қарау мүмкіндігі;
- Мәзір тармақтарының көрінуін басқару;
- Жүйеге тәулік бойы 24/7 қол жеткізу;
«Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жаңа жүйесі арқылы көрсетілетін қызметтер тізбесі үнемі кеңейтіліп отырады.
Біздің жаңартуларымызды бақылап отырыңыз.