VTB Business

Құрметті Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттері мен серіктестері!

«Заңды тұлғаларға арналған интернет-банкинг» жүйесінің жаңа нұсқасының іске қосылуы туралы қуанышпен хабарлаймыз.
Заңды тұлғаларға арналған жаңартылған қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесі Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттеріне өздерінің кабинеті арқылы банк бөлімшесіне бармай, банктік қызметтердің кең ауқымын алуға мүмкіндік береді.


VTB08-0105.jpgЖаңа жүйені қолданудың артықшылықтары:

  1. Функционалық мүмкіндіктердің елеулі кеңеюі;
  2. Әртүрлі ОЖ, мобильді құрылғылардан, ERP жүйелерден жұмыс істеу мүмкіндігі;
  3. Интернетке қол жетімдік бар барлық жерлерде ұлттық және шетелдік валюталарда аударымдарды жасау;
  4. Шетелдік валютаны сатып алу/сату;
  5. Кредиттерді өтеу кестесін және берешектің ағымдағы күйін қарау мүмкіндігі;
  6. Мәзір тармақтарының көрінуін басқару;
  7. Аптасына 7 күн тәулігіне 24 сағат жүйеге қолжетімдік;
  8. Аударымдарды растау құралын таңдау мүмкіндігі (клиенттің меншік нысанына байланысты):
    • SMS-хабарламаның көмегімен,
    • ЭЦҚ көмегімен.

«Заңды тұлғаларға арналған интернет-банкинг» жаңа жүйесі арқылы көрсетілетін қызметтердің тізімі үнемі кеңейтіліп отырады.

Біздің жаңартуларды бақылап отырыңыз.