Тәуекелдерді басқару саясаты

Кредиттік тәуекел

Кредиттік тәуекел – қарызгердің келісім шарттарына сәйкес Банк алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындамау, дер кезінде немесе толық орындамау салдарынан шығындардың туындау тәуекелі.

Кредиттік тәуекел Банк банктік қызметті жүзеге асыру барысында жүктенетін тәуекелдер арасындағы ең салмақтысы болып табылады. Банктегі кредиттік тәуекелдерді басқару келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
  • кредиттік тәуекелді шектеу мақсатымен операцияларды жүзеге асыруға шектеулер белгілеу;
  • кредиттік тәуекелдің жинақталуына және кепілдікпен қамтамасыз етілмеген кредиттік портфельге көрсеткішті шектеулерді белгілеу;
  • кредиттік испаттағы операциялар бойынша қамтамасыз етуді қалыптастыру;
  • өткізілетін операциялар бойынша төлемді ескере отырып, өздері бойынша құндық шарттар белгілеу;
  • жүктеніп отырған тәуекелдер деңгейінің тұрақты мониторингі және кредиттік комитетке, Банк басқармасына және мүдделі бөлімшелерге арнап сәйкес басқармалық есепті әзірлеп отыру;
  • Банк жүргізетін операциялар бойынша жүктенген тәуекелдерді өтеу үшін қажетті реттеуші және экономикалық капиталды бағалау, оның жеткілікті болуын қамтамасыз ету;
  • хедждеуші операцияларды жүзеге асыру;
  • Банк бөлімшелерінің операциялардың жүзеге асырылуының тәртібі мен тәуекелдерді бағалау және басқару іс-барыстарын реттеуші нормативтік құжаттарды орындауының тәуелсіз бөлімше тарапынан тұрақты ішкі бақылауы.

Банк жүктенетін кредиттік тәуекелді басқару келесілерді қамтиды:
  1. жүйелік әдісті Банктің жалпы кредиттік портфелін де, нақты қарызгерлермен/контрагенттермен (өзара байланысты қарызгерлердің/контрагенттердің тобымен) жасалатын жеке операциялардың да   тәуекелдерін басқару үшін пайдалану;
  2. Банкте кредиттік тәуекелді тану және сандық сипаты бойынша бағалау үшін бірыңғай және жүзеге асырылатын операциялардың сипаты мен масштабтарына сәйкес әдістемені қолдану;
  3. кредиттік тәуекелді жүктенумен байланысты операцияларды жүзеге асыру барысында орталықтандырылған және орталықсыздандырылған шешімдер қабылдауды есті түрде үйлестіру.

Банк жүктенетін кредиттік тәуекелді шектеу мен бақылаудың негізгі құралы болып кредиттік шектеулер жүйесі табылады. Кредиттік тәуекелдің келесідей шектеулері белгіленеді:
  • контрагенттер үшін белгіленетін шектеулер;
  • кредиттік тәуекелді елдік/салалық/аймақтық сипаты бойынша шектеу.

Кредиттік тәуекелдің ішкі шектеуімен қоса ҚҚА қарызгер/өзара байланысты қарызгерлер тобына шаққандағы тәуекелдер көлеміне, ірі кредиттердің көлеміне қатысты белгілеген талаптарына сәйкес белгіленген міндетті нормативтерді ұстанады.

Банк жүктенетін кредиттік тәуекелді барынша азайтудың ең маңызды құралы болып кредиттік сипаттағы операциялар бойынша қамтамасыз етуді қалыптастыру табылады. Банктің бұл саладағы саясаты Банк жүктенетін кредиттік тәуекелді өтеуге жеткілікті қамтамасыз етудің сенімді және ликвидті портфелін қалыптастыру ұстанымына негізделген. Сонымен қатар, бұл жайт қарызгердің қаржылық-шаруашылық қызметінің кешенді талдауын өткізуге бойынша талаптарды жоққа шығармайды және контрагенттің төлем және кредиттік қабілеттерінің жеткіліксіздігі мен оның қызметі жөніндегі ақпараттың болмауының орнын баспайды.

Нарықтық тәуекел

Нарықтық тәуекел – Банктің қаржылық активтердің (ең алдымен, бағалы қағаздардың) нарықтық құнының, валюта бағамдарының , пайыздық мөлшерлемелердің жағымсыз өзгеруі салдарынан шығындарға тап болу тәуекелі.

Нарықтық тәуекелге жатады: 
  • қор тәуекелі (қор нарығындағы айналымдағы активтер құнының өзгеру салдарынан шығындарға ұшырау тәуекелі);
  • валюталық тәуекел (валюта бағамдарының өзгеру салдарынан шығындарға ұшырау тәуекелі);
  • пайыздық тәуекел (пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру салдарынан шығындарға ұшырау тәуекелі).

Активтерді және пассивтерді басқару комитеті валюталық бағамдардың, пайыздық мөлшерлемелердің және бағалы қағаздардың котировкаларының жағымсыз өзгеруінің (яғни, сәйкесінше, валюталық, пайыздық және бағамдық тәуекелдердің) салдарынан келтірілуі мүмкін шығындарды шектеу және мөлшерін азайту мақсатымен нарықтық тәуекелдерге қатысты саясаатын анықтайды.

Нарықтық тәуекелдерді басқару барысында ВТБ (Қазақстан) Банкі АҚ ЕҰ ҚҚА нормативті актілерімен белгіленген нормативтерді басшылыққа алып, банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің нұсқауларын пайдаланады.

Ликвидтік тәуекелі

Ликвидтік тәуекел – Банктің активтері мен пассивтері мерзімі бойынша теңгерілмеген жағдайда Банктің өз міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемде орындау мүмкіндіктеріне әсер ететін ықтимал тәуекел.

Сәйкес бөлімшелер мен алқалы органдардың тұрақты қадағалауымен теңгерім құрылымының ликвидтіктің барлық талаптарына және нормативтеріне (ішкі және пруденциалды) сәйкестігін қамтамасыз ету ВТБ Банкіне өз міндеттерін дер кезінде және толық көлемде орындап отыру мүмкіндігін береді.

Оралымдық тәуекел

Оралымдық тәуекел – қызметкерлердің бұзушылықтары немесе қателіктері, Банк жүйелерінің және ішкі бизнес іс-барыстарының қалыпты жұмысының бұзылуы және Банк бақылауынан тыс (негізінен, апаттық сипаттағы) жағдайлардың салдарынан шығындарға ұшырау тәуекелі.

Оралымдық тәуекелді басқарудың Банк іші стратегиясын жүзеге асыру мақсатында ВТБ банкінде тәуекелдің танылуын, оның бағалануын, бақылау мен шектеу шараларын қолдану мүмкіндігін беретін тұрақты іс барысы жүзеге асырылып отырады. Оралымдық тәуекелді басқару іс-барысын ұйымдастыру тәжірибесінде ВТБ басшылыққа ҚҚА нормативті актілерімен, соның ішінде  екінші деңгейлі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылаудың болуына қойылатын Нұсқаулықпен (ҚҚА Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйегіндегі № 359 қаулысымен бектілген) және банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің құжаттарында мазмұндалған ұсыныстармен белгіленген ұстанымдарды алады.

ВТБ банкіндегі оралымдық тәуекелді барынша азайту мақсатымен қолданылатын негізгі шаралар болып табылады:
  • барлық негізгі операциялардың жүзеге асырылу тәртібін ішкі нормативтік-әдістемелік құжаттар аясында реттеу;
  • жүзеге асырылып отырған банктік операциялар мен мәмілелердің есебі мен құжатталуы, операциялар бойынша негізгі құжаттар мен шоттарды уақтылы тексеріп отыру;
  • қызметкерлердің міндеттерін, өкілеттерін және жауапкершілігін бөлу және шектеу ұстанымын қолдану, қос бақылау механизмін пайдалану, алқалы шешімдер қабылдау, операциялардың мерзімдері мен көлемдеріне шектеулер белгілеу;
  • бизнес –іс-барыстардың ұйымдастырылуының, құрылымдық бөлімшелердің қызметі мен жеке қызметкерлердің операцияларды жүзеге асыруының, қызметкерлердің заң мен ішкі нормативті құжаттардың талаптарын орындауының әкімшілікті және қаржылық ішкі бақылауының (алдын ала, ағымды және кейіннен) іс барыстарын жүзеге асыру, өткізілетін операциялар бойынша белгіленген шектеулерді ұстануды, Банктің ақпараттық және материалдық активтеріне қол жеткізу тәртібін қадағалау;
  • банк операцияларын жүзеге асыруды автоматтандыру, банк іші ақпараттық жүйелерін пайдалану;
  • ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпаратқа қол жеткізуді бақылау, ақпараттың көп деңгейлі қорғалуын қолдану;
  • Банктің панажайлары мен құндылықтарының қауіпсіздігін және қол жеткізудің бақылануын қамтамасыз ету;
  • оралымдық тәуекелдердің болған жағдайда шығындардың сақтандыру өтемақысы есебінен өтелуін қамтамасыз ететін сақтандырылуы;
  • банктік операцияларды жүзеге асыру барысында қаржылық-шаруашылық  қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін қажетті ұйымдық және техникалық жағдайлар жасау (апат, өрт, лаңкестік акт және басқадай күтілмеген жағдайларға);
  • жеке бизнес –іс-барыстарымен байланысты оралымдық тәуекелдерін бөтен ұйымдармен өткізілу (аутсорсинг) есебінен азайту;
  • қызметкерлермен байланысты тәуекелдерді жұмысқа қабылдау барысында таңдау сипаттарын белгілеу және алдын ала тексеруді өткізу, қызметкерлерді дайындау және оқыту, біліктілігін арттыру шараларын жүзеге асыру  жолымен азайту.