ВТБ тобы туралы

ВТБ тобы – қаржылық нарықтың барлық негізгі сегменттерінде жұмыс істейтін, 20 -дан аса кредиттік және қаржылық компанияларды қамтитын ресейлік қаржылық топ. ВТБ тобы стратегиялық холдинг қағидасы бойынша құрылған, бұнда Топ компанияларының бірегей даму стратегиясының, бірегей брендттің, орталықтандырылған қаржылық менеджменттің және тәуекелдерді басқарудың, бірыңғайландырылған бақылау жүйелерінің болуы қарастырылған.

 ВТБ тобының ресейлік банктер үшін бірегей болып келетін халықаралық желісі бар, осының арқасында ресейлік кәсіпорындардың әлемдік нарықтағы халықаралық ынтымақтастығының дамуына әрі алға жылжуына септігін тигізеді. ТМД елдерінде Топ өзін Арменияда, Украинада, Беларусияда, Қазақстанда, Әзірбайжанда танытады. Австриядағы, Германиядағы және Франциядағы ВТБ Банктері Еуропалық субхолдинг шеңберінде ВТБ Банк (Австрия) басшылығымен жұмыс істеп келеді. Бұдан бөлек, Топтың Ұлыбританияда, Кипрде, Сербияда, Грузияда және Анголада еншілес және қауымдас банктері, сондай-ақ Қытайда, Үндістанда бір-бір ВТБ банкінің филиалы, Сингапурда және Дубайда ВТБ Капитал плс екі филиалы бар.

Банктің негізгі акционері Росимущество және Қаржы министрлігі тұлғасында Ресей Федерациясы болып келеді, оларға дауыс беретін акциялардың 60,9348%, немесе Банктің жарғылық капиталынан 45,01% («Салымдарды сақтандыру жөніндегі агенттік» МК есебімен — 92,23%) тиесілі.