Банктік шот шартын және (немесе) банктік салым шартын жасасқан клиент-жеке тұлғаны хабардар ету

1. Мына хабарлама арқылы Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ (бұдан әрі – Банк) өзінің депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысатыны туралы Сізді хабардар етеді, бұған дәлел ретінде Банкке 2009 жылғы 18 маусымда №040 қатысушы банк куәлігі берілген.

2. «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) Сіздің депозитіңіз (салымыңыз)* депозиттерге кепілдік беру жүйесінің объектісі болып табылады.

3. Заңға сәйкес кепілдік берілген максималды (шекті) сома:
• ұлттық валютадағы жинақ салымдар (депозиттер) бойынша 20 миллион теңгені;
• ұлттық валютадағы (жинақтан басқа) өзге депозиттер бойынша 10 миллион теңгені;
• шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 миллион теңгені құрайды.

Егер банкте түрі мен валютасына қарай, бірнеше депозит (салым) орналастырылған болса, онда барлық депозиттер (салымдар) бойынша жиынтық қалдық сомаға кепілдік беріледі. Бірақ әрбір депозит (салым) түрі бойынша шекті сомаларды ескере отырып, жалпы кепілдік берілген максималды өтем сомасы – 20 млн теңгеден асырылмайды.

Назар аударыңыз, төленетін кепілді өтем сомасы депозиттегі (салымдағы) қалдық сомаға сүйене отырып және оған қосылған сыйақыларды ескеріп, Банк лицензиясынан айырылған күнге қарай есептеледі және бұл ретте:

1) Сіздің Банк алдындағы, мысалы, кредит бойынша борышыңызды есепке алу;
2) шетел валютасындағы депозитіңіздегі (салымыңыздағы) қалдық соманы валютаның нарықтық айырбас бағамы бойынша теңгемен қайта есептеу;
3) Банкте түрі мен валютасына қарай әртүрлі басқа да депозиттер (салымдар) бойынша қалдық сомаларды ескере отырып, жиынтық кепілді өтем сомасын есептеу нәтижелері бойынша белгіленеді.

Атап өту керек, Сіздің депозитіңіздің (салымыңыздың) атауы, түрі, валютасы және ол туралы өзге де талаптар, оның ішінде Заңда бекітілген, кепілдік берілген максималды (шекті) өтем сомасы Банкпен арада, оның ішінде электрондық түрде жасалатын банктік шот шартын және (немесе) банктік салым шартын жасасу барысында Сіз қол қоятын өтініште және өзге де құжаттарда көрсетіледі.

4. Банк барлық банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылған жағдайда «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі - ҚДКБҚ) Сіздің депозитіңіз (салымыңыз) бойынша кепілдік берілген өтемді төлеуді Банк лицензиясынан айырылған күннен бастап, 35 жұмыс күні ішінде бастайды.

Кепілді өтемді төлеуді бастау және төлеу тәртібі, сонымен қатар депозиторларға кепілді өтем төлеуді жүзеге асыратын агент банктер, төлеу кезеңі мен орындары не осы Заңда көзделген жағдайда кепілді өтемді төлеудің басталуын кейінге қалдыру туралы ҚДКБҚ хабарламасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (Егемен Қазақстан, Казахстанская правда), сондай-ақ басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында және ҚДКБҚ интернет-ресурсында (www.kdif.kz) жарияланады.

Кепілдік берілген өтемді төлеу басталатын күн ҚДКБҚ хабарландыруды жариялаған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайды.

5. Кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі төлем басталған күннен бастап, 1 жылды құрайды. Кепілдік берілген өтемді алу үшін Сіз өтінішіңізді:

   ҚДКБҚ төлемдерінің электрондық порталы немесе «электрондық үкіметтің» веб порталы арқылы электронды түрде тікелей ҚДКБҚ-ға не болмаса агент банктер тізілімінен таңдап алынған агент банкке қағаз жүзінде апарып беруге құқылысыз.

Кепілдік берілген өтемді төлеу Сіз өтем алуға өтінішті және растаушы құжаттарды берген күннен бастап, 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Сіз кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған өтініш нысанымен және растаушы құжаттардың тізімімен ҚДКБҚ интернет-ресурсынан (www.kdif.kz) танысып шыға аласыз.

Кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімінің аяқталу күні туралы ҚДКБҚ хабарламасы төлем мерзімі аяқталғанға дейін 30 жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (Егемен Қазақстан, Казахстанская правда), сондай-ақ басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында және ҚДКБҚ интернет-ресурсында (www.kdif.kz) жарияланады.

6. Кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі аяқталған соң (төлем басталған күннен бастап, 1 жыл), Сіз талап етпеген кепілді өтем сомасы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіпте «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-та (бұдан әрі - БЖЗҚ) ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотыңызға аударылады. Талап етілмеген кепілді өтем сомасын БЖЗҚ-ға аудару талаптары Заңның 21-1-бабының 2-тармағында белгіленген.

7. Заңға сәйкес төлем мерзімі барысында өтініш беруге кедергі келтірген дәлелді себептер болған кезде, Сіз (тіпті Сіз талап етпеген соманы ҚДКБҚ БЖЗҚ-ға аударып қойса да) растаушы құжаттарды қоса тіркей отырып, ҚДКБҚ-ға жазбаша өтініш бере аласыз. Дәлелді себептер тізімі Заңның 21-1-бабының 4-тармағында бекітілген. Бұл ретте мұндай өтініш Банк түпкілікті таратылғанға дейін немесе «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сіздің ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығыңыз туындағанға дейін берілуі мүмкін.


*банктік шоттарда жатқан, банктік шот шартымен және (немесе) банктік салым шартымен куәландырылған ақшалар