Бөлімшелер мен банкоматтар 5050

Салым "Нарық"

Негізгі параметрлер
Шарттары
Олар үшін салым ұсынылатын клиенттер сегменті
Заңды тұлғалар, Жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары, жекеше нотариустар)
Салым ұсынылатын клиенттер сегменті
Заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар.
Салым түрі (ҚР Азаматтық Кодексі бойынша)
мерзімді
Салымды орналастыру мерзімі
KZT/RUB - 24 айға дейін;
Операциялар валютасы
KZT/RUB
Сыйақыны төлеу
Ай сайын
Салымның ең аз сомасы

жеке анықталады, бірақ мынадан кем емес: KZT - 100 000 RUB – 15 000

Салымның ең жоғарғы сомасы
Банктің меншікті капиталы мөлшерінің 10%- на дейін
Төмендетілмейтін қалдық мөлшері

жеке анықталады, бірақ мынадан кем емес: KZT - 100 000 RUB – 15 000

Сыйақы мөлшерлемесі

KZT: Сыйақы мөлшерлемесі (10,2% - 14,0%), ЖТСМ: (10,7% - 14,9%).Жеке тәртіппен белгіленеді.

RUB: Сыйақы мөлшерлемесі (1%-дан 3%-ға дейін), ЖТСМ – (1%-3%). Жеке тәртіппен белгіленеді.

Жеке тұлғаның салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі ҚДКБҚ белгілеген сыйақы мөлшерлемелерінің шекті мөлшерінен аспауға тиіс

Қосымша жарналар
Салымның ең жоғары сомасын ескере отырып рұқсат етіледі
Ішінара шешу

Төмендетілмейтін қалдық сомасына дейін рұқсат етіледі.

Салымның бір бөлігін қайтару салымшының талабы келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Сыйақыны капиталдандыру
Қарастырылмаған
Ұзарту
Қарастырылмаған
Банк салымын мерзімінен бұрын бұзу шарттары

1.орналастырудың нақты мерзімі күнтізбелік 30 күннен аз болған кезде сыйақы төлеу (есептеу) - көзделмеген.

2. орналастырудың нақты мерзімі - күнтізбелік 30 күн және одан көп болған кезде есептелген/төленген сыйақы "Талап етілгенге дейінгі" салымның сыйақы мөлшерлемесі бойынша қайта есептеледі және төленеді (KZT – 0,1% / RUB – 0,05%) ЖТСМ: (KZT – 0,1% / RUB – 0,1%).

3. Мерзімінен бұрын бұзу туралы хабарлама күнтізбелік 7 күн бұрын беріледі.

4. Салымды қайтару салымшының талабы келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 7 күннен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін:

ҚР «Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңының 18-бабына сәйкес салым депозиттерге міндетті кепілдік беру объектісі болып табылады. Салым бойынша кепілдіктің ең жоғары (шекті) сомасы – Банкте орналастырылған ҚР «Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңының 18-бабында белгіленген кепілдіктің (кепілдік өтемінің) ең жоғары (шекті) мөлшерін құрайтын жинақ шотындағы ақша қалдығының сомасына сүйене отырып, Банктің барлық банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күнгі кепілдік өтемінің сомасы. Салымшының Банкте кепілдік берілетін депозиттердің бірнеше түрлері болған жағдайда, «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ олар бойынша депозиттің әрбір түрі бойынша жеке белгіленген кепілдік өтемнің ең жоғары мөлшері шегінде, бірақ жиырма миллион теңгеден асырмай жиынтық кепілдік өтемін төлейді.

Кеңес алу үшін және сұрақтар туындаған кезде Банк бөлімшелеріне жүгініңіз немесе өзіңіздің Клиенттік менеджеріңізбен байланысыңыз.
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ анықтама қызметінің телефон нөмірлері:+7(727)330-50-50, 5050 – ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін