Андрей Костин Қазақстан Президентімен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
13 қазанда Қазақстанға жұмыс сапары барысында ВТБ президенті және басқарма төрағасы Андрей Костин Ақорда резиденциясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Кездесуде қаржы және инвестициялық секторлардағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды.