Мереке кезеңіндегі жұмыс кестесі
Құрметті клиенттер!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтай отырып, келесіні хабарлаймыз:
• 2025 жылғы «31» желтоқсанда ВТБ (Қазақстан) бөлімшелері 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, кассалық операциялар Астана уақытымен 13:00-ге дейін қолжетімді болады;
• 2026 жылғы 01-04 қаңтар аралығы — демалыс күндері;
• 2026 жылғы «05» және «06» қаңтарда ВТБ (Қазақстан) бөлімшелері стандартты режимде 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді;
• 2026 жылғы «07» қаңтар — демалыс күні.
Сондай-ақ мереке күндерінде банкте ұлттық және шетел валютасындағы төлемдерді қабылдау және өңдеу тәртібі төмендегідей болатынын хабарлаймыз:
1. Ұлттық валютадағы KZT (Қазақстан Республикасы аумағында) шығатын сыртқы төлемдер/аударымдар:
• 2025 жылғы «31» желтоқсанда төлемдерді қабылдау және өңдеу тек 31.12.2025 валюталандыру күнімен Астана уақытымен 14:00-ге дейін жүзеге асырылады;
• 2026 жылғы «05» қаңтардан бастап төлемдерді қабылдау және өңдеу әдеттегі режимде жүзеге асырылады;
• 2026 жылғы «07» қаңтар — демалыс күні.
2. Барлық шетел валюталарындағы, оның ішінде ұлттық валюта KZT-дегі трансшекаралық шығыс төлемдер/аударымдар:
• 2025 жылғы «30» желтоқсанда тапсырмаларды қабылдау және өңдеу тек 30.12.2025 валюталандыру күнімен жүзеге асырылады;
• 2025 жылғы «31» желтоқсанда корреспондент-банктердегі демалыс/мереке күндеріне байланысты төлемдер қабылданбайды және орындалмайды;
• 2026 жылғы «05»-«09» қаңтар аралығында тапсырмалар тек 12.01.2026 болашақ валюталандыру күнімен қабылданады;
• 2026 жылғы «12» қаңтардан бастап төлемдерді қабылдау және өңдеу әдеттегі режимде жүзеге асырылады.
3. Қолма-қолсыз валютамен конверсиялық операциялар (барлық валюта түрлері бойынша):
2025 жылғы «30» желтоқсанда операциялар тек 30.12.2025 валюталандыру күнімен жүзеге асырылады, осы күні «Онлайн-конвертация» қызметі қолжетімсіз болады.
2025 жылғы «31» желтоқсаннан 2026 жылғы «09» қаңтарға дейін корреспондент-банктердегі демалыс/мереке күндеріне байланысты қолма-қолсыз валютамен конверсиялық операциялар қабылданбайды және жүргізілмейді.
2026 жылғы «12» қаңтардан бастап конверсиялық операцияларды қабылдау және өңдеу әдеттегі режимде жүзеге асырылады.
Ізгі тілектермен,
ВТБ (Қазақстан).