Бөлімшелер мен банкоматтар 5050

Қазақстан Президенті Андрей Костинді I дәрежелі Достық орденімен марапаттады


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ВТБ банкінің президенті – басқарма төрағасы Андрей Костинді I дәрежелі Достық орденімен марапаттады. Марапат Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

Марапаттау рәсімі 31 қазанда Астана қаласындағы Ақорда резиденциясында өтті.

Андрей Костин жоғары марапат үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдіріп, қаржы және инвестиция салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.