Бөлімшелер мен банкоматтар 5050

ТНРА «БАНК ВТБ (ҚАЗАҚСТАН)» АҚ ЕҰ-НыҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШКАЛА БОЙЫНША НЕСИЕЛІК РЕЙТИНГІН BBB+ ДЕҢГЕЙІНДЕ РАСТАДЫ, БОЛЖАМ – «ТҰРАҚТЫ»


Талдау несиелік рейтингтік агенттігі (ТНРА) «БАНК ВТБ (ҚАЗАҚСТАН)» АҚ ЕҰ-ның халықаралық шкала бойынша BBB+ деңгейіндегі несиелік рейтингін «Тұрақты» болжамымен растады.

ТНРА бағалауы бойынша Банктің халықаралық шкала бойынша BBB+ деңгейіндегі несиелік рейтингі капиталдың жеткіліктілігінің жоғары бағаларымен және «Қорландыру және өтімділік» факторының жоғары бағасымен, сондай-ақ акционер тарапынан сыртқы қолдау алу ықтималдығының жоғарылығымен негізделген.

ТНРА ВТБ (Қазақстан) Банкінің капитал қорының елеулі деңгейде сақталып отырғанын және оның реттеушілік нормативтерден айтарлықтай асып түсетінін атап өтеді. Жүргізілген стресс-тестілеу нәтижелері Банктің тәуекел құнының елеулі қосымша өсуіне төтеп беру қабілетін растайды.

ВТБ (Қазақстан) Банкінің меншікті несиелік қабілеттілігін бағалау құрылымында ТНРА Банктің негізгі қатысу және қызмет жүргізу өңірі Қазақстан Республикасы екенін ескереді (ТНРА рейтингі — BBB+, болжамы «Тұрақты»).

«Тұрақты» болжамы алдағы 12–18 ай көкжиегінде несиелік рейтингтің жоғары ықтималдықпен сақталатынын білдіреді.

Анықтама
Талдау несиелік рейтингтік агенттігі (ТНРА) 2015 жылы құрылған. 2023 жылы ТНРА Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) белгіленген критерийлеріне сәйкестігін растады. Жүргізілген бағалау қорытындысы бойынша ТНРА рейтингтері қаржы ұйымдарының пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтау мақсатында қолдануы үшін ҚНРДА тарапынан танылды.