Банктік шот жјне (немесе) банктік салым шартын жасасќан клиент-жеке тўлєаны хабардар ету

 

1. Осымен Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ (бұдан әрі – Банк) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне өзінің қатысқаны туралы хабарлайды, оны куәландыру үшін Банкке 2009 жылғы 18 маусымда №040 куәлік берілген.

2. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Сіздің депозитіңіз (салымыңыз)[1] депозиттерге міндетті кепілдік беру объектісі болып табылады.

Банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі – ҚДКБҚ) Банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күннен бастап 35 жұмыс күні ішінде сіздің депозитіңіз (салымыңыз) бойынша кепілдік берілген өтемді төлеуді бастайды. Мұндай төлем Заңда белгіленген кепілдік берілген өтеудің ең жоғары сомасы шегінде жүзеге асырылатын болады.

Кепілдік берілген өтемді төлеудің басталуы мен тәртібі туралы, сондай-ақ кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыратын агент-банктер, төлеу кезеңі мен орындары туралы ҚДКБҚ хабарламасы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ ҚДКБҚ интернет-ресурсында орналастырылады: www.kdif.kz.

3. Кепілдік берілген өтемді алу үшін сізге кепілдік берілген өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде ҚДКБҚ-на:

ҚДКБҚ-ның электрондық төлемдер порталы не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда

не агент-банктердің тізбесінен таңдалған агент-банкке қағаз жеткізгіште өтініш беру талап етіледі.

Кепілдік берілген өтемді төлеу растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сіз кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш берген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған өтініштердің нысандарымен және растайтын құжаттар тізбесімен сіз ҚДКБҚ интернет-ресурсында таныса аласыз: www.kdif.kz.

4. Кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімінің аяқталу күні туралы ҚДКБҚ-ның хабарламасы төлем мерзімі аяқталғанға дейін 30 жұмыс күні бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында және ҚДКБҚ-ның интернет-ресурсында, сондай-ақ ҚДКБҚ-ның қалауы бойынша ақпарат берудің қосымша тәсілдерімен жарияланатын болады.

5. Егер төлем басталған күннен бастап бір жыл ішінде Сіз белгіленген тәртіппен кепілдік берілген өтемді алуға өтініш білдірмесеңіз, бұл жағдай Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ашылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін сіздің жеке зейнетақы шотыңызға кепілдік берілген өтем сомасын ҚДКБҚ-на аударуға сіздің келісіміңіз ретінде танылатын болады.

6. Сіз кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімін өткізіп алған жағдайда, сіз ҚДКБҚ-на кепілдік берілген өтемді төлеуге жазбаша өтініш бере аласыз және ҚДКБҚ сізге Заңда көзделген осындай өткізу үшін дәлелді себептер болған кезде кепілдік берілген өтем сомасын төлей алады. Бұл ретте мұндай өтініш банк түпкілікті таратылғанға дейін не «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сізде ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық басталғанға дейін берілуі мүмкін.

 




[1] банктік шот және (немесе) банктік салым шартымен куәландырылған банктік шот