Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
1. Мен Ресейге ақшаны қалай жібере аламын немесе Ресейден қалай ала аламын?
Ресейге трансшекаралық аударымдарды жүзеге асыру үшін Сізге біздің банкте «Мир» шоты мен картасын ашу қажет, содан кейін сізге «Мир» төлем жүйесі аясында карта нөмірі бойынша, сондай-ақ Ресейдің кез келген банкіне шот деректемелері бойынша жедел аударымдар қолжетімді болады. Сіз ақшаны Ресейден телефон нөмірі бойынша, жылдам төлемдер жүйесі (ЖТЖ) аясында, карта нөмірі және шот деректемелері бойынша ала аласыз.
2. ВТБ (Қазақстан)-ның «Мир» картасы Ресей аумағында қалай жұмыс істейді?
Біздің банкіде ресімделген «Мир» картасы РФ-да толыққанды қаржы құралы болып табылады.
- Барлық жерде төлем жасау: Сіз дүкендердегі сауда-саттығыңызды, көліктегі жол жүру ақысын және мемлекеттік қызметтермен қоса онлайн қызметтерді төлей аласыз*.
- Қолма-қол ақша шешіп алу: ВТБ (Қазақстан) картасынан бүкіл Ресей аумағындағы кез келген банктің банкоматтарынан қолма-қол рубль шешіп алуға болады.
* Басқа халықаралық төлем жүйелерінің карталары қазіргі уақытта Ресейде жұмыс істемейтініне назар аударуды сұраймыз.
3. Қазақстанда шетелдік банк шығарған «Мир» картасын пайдалана аламын ба?
Иә, Қазақстанға кез келген шетелдік банк шығарған «Мир» карталарымен келген шетелдіктер:
- ВТБ (Қазақстан) банкоматтары мен кассаларынан қолма-қол теңге ала алады.
- «Мир» жүйесінің POS-терминалдарымен жабдықталған сату нүктелерінде карталармен есептесе алады. Мұндай нүктелердің қолданыстағы тізімі біздің сайтта қолжетімді.
4. «Мир» картасын қалай және қандай валютада ресімдейді?
Пластикалық картаны шығару үшін ВТБ (Қазақстан) Банкінің кез келген бөлімшесіне жүгіну қажет. Карталар теңгемен (KZT) және рубльмен (RUB) ашылады. Онлайн-төлемдер мен трансшекаралық аударымдарға арналған виртуалды картаны мобильді қосымшада әп-сәтте шығаруға болады.
5. Ресейлік онлайн-сервистерді төлеуге бола ма?
Иә, карта Қазақстанда шығарылған «Мир» төлем жүйесінің карталарын қолдайтын сайттарда тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуге мүмкіндік береді.
6. Карта/шот ашу үшін бейрезиденттерге қандай құжаттар керек?
Жеке тұлғаға-ҚР бейрезидентіне келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- ҚР шекарасынан өткені туралы белгісі бар шетелге шығатын паспорт.
- ЖСН берілгені туралы куәлік.
- Сіздің ЖСН-іңізге бекітілген мобильді телефон нөмірі.
Ескертпе: Еңбек мигранттары үшін еңбек шарты немесе ЖК ретінде тіркеу туралы құжат/заңды тұлғада қатысу үлесінің немесе акциялардың болуы туралы құжат және ЖТС төлегені туралы түбіртек қосымша талап етіледі. Банк банктің ішкі ережелеріне сәйкес қосымша құжаттарды сұрата алады.
7. Кредитті қалай өтей аламын?
Төлем жасау келесі арқылы қолжетімді:
- ВТБ (Қазақстан) кассалары мен өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары;
- PayDala агентінің төлем терминалдары.
- Qiwi агентінің төлем терминалдары.