Валюталық бақылау
Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы валюталық заңнама жаңа экономикалық қарым-қатынастардың қалыптасу кезеңінде маңызды рөл атқарады және бірінші кезекте экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, елдің тұрақты экономикалық өсуіне қол жеткізуге, инфляциялық үрдістерді тежеуге және сайып келгенде елдің халықаралық қоғамдастықтағы орнын нығайтуға бағытталған.
ВТБ (Қазақстан) Банкі АҚ ЕҰ қолданыстағы валюталық заңнамаға сәйкес валюталық операциялардың барлық түрлеріне, соның ішінде сыртқы сауда келісімшарттары, кредиттік келісімшарттар және қарыз шарттары бойынша жүргізілетін, сондай-ақ саудалық емес мәмілелер бойынша жүргізілетін валюталық операцияларға валюталық бақылауды жүзеге асырады.
ВТБ жоғары білікті мамандары Банк клиенттеріне мәмілелерді жасасудың кез келген кезеңінде кеңестер береді. Жұмыста білікті мамандардың ұсыныстарын пайдалану Банк клиенттеріне шарттарды валюталық заңдардың нормаларына сәйкес жасасуға, ал шартты жасасқаннан кейін валюталық операциялардың белгіленген тәртіпте бұза отырып жасасуды болдырмауға және шарт міндеттерін орындаумен және валюталық бақылау іс-барысымен байланысты көптеген мәселелерді болдырмауға көмектеседі.
ВТБ валюталық бақылау саласындағы негізгі артықшылықтары:
- Банк клиенттеріне валюталық бақылау мәселелері бойынша кеңестер беру, соның ішінде сыртқы экономикалық қызметте күрделі мәмілелерді әзірлеу барысында;
- Валюталық бақылау құжаттарын ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік актілеріне сәйкес рәсімдеу жылдамдығы;
- Банк клиенттерін кезеңді түрде және дер кезінде банктің оралымдық залында хабарлама ілу жөнінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы валюталық заңдарының өзгеруі жөнінде хабардар етіп отыруы;
- ВТБ банкінің валюталық бақылау агентінің қызметтерін орындауы үшін банк комиссияларының бәсекелес мөлшерлемелері. VIP- клиенттер үшін жеңілдетілген тарифтерді қолдану мүмкіндігі.