Ішкі аудит
«Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ Ішкі аудит басқармасы (бұдан әрі – ІАБ) Банктің ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігіне объективті бағалау жүргізетін тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады.
ІАБ қызметі Банктің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның активтерін қорғауға, Қазақстан Республикасы заңнамасының, Банктің және ВТБ тобының ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауға жәрдемдесу мақсатында Банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасына қолдау көрсетуге бағытталған..
ІАБ-ның негізгі мақсаты – Банктің қызметін жетілдіруге, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару процестерінің тиімділігін арттыруға бағытталған тәуелсіз әрі объективті кепілдікті және консультациялық қолдауды қамтамасыз ету.
ІАБ-ның тәуелсіздігі оның Директорлар кеңесіне тікелей есеп беруі арқылы қамтамасыз етіледі. ІАБ қызметін бақылау мен үйлестіруді Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті жүзеге асырады.
ІАБ өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Банктің Жарғысын, Банктің және ВТБ тобының ішкі нормативтік құжаттарын, сондай-ақ Ішкі аудиттің халықаралық стандарттары мен осы кәсіптің үздік халықаралық тәжірибелерін басшылыққа алады.
2026 жылы ІАБ халықаралық Russell Bedford A + Partners аудиторлық компаниясы жүргізген сапаға тәуелсіз сыртқы бағалаудан сәтті өтті. Бағалау қорытындысы бойынша ІАБ қызметі Ішкі аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкестіктің ең жоғары деңгейіне ие болды. Алынған нәтижелер Банктегі ішкі аудитті ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін, оның халықаралық кәсіби стандарттарға сәйкес келетінін және тиімді корпоративтік басқару қағидаттарына бейілділігін растайды