Бөлімшелер мен банкоматтар 5050

Бас дилер/трейдер (Қазынашылық. Қаржы департаменті)

Филиал: Бас кеңсе

Міндеттері:

• Қаржы активтерімен биржалық және биржадан тыс мәмілелер жасау: шетел валютасы, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздар және басқалар
• ҚР Ұлттық Банкі өткізетін сауда-саттыққа және аукциондарға қатысу (ҚРҰБ ҰАТ сатып алуды қоса алғанда)
• РЕПО операцияларын жүргізу/Орталық банкпен кері РЕПО
• Банкаралық нарыққа қаражат тарту және орналастыру (БАН)
• Контрагенттермен қарым-қатынастарды қолдау және дамыту, келіссөздер жүргізу, мәмілелер шарттарын келісу
• Кәсіби сауда жүйелері мен терминалдарда жұмыс істеу: Refinitiv, Bloomberg, KASE
• Жаһандық және жергілікті нарықтардағы қазынашылық операциялар шеңберінде нарықтық жағдайды талдау, өтімділік мониторингі және тәуекел-менеджмент
• Өтімділікті басқару және лимиттердің сақталуын бақылау

Талаптар:

• Сауда операциялары бөлімінің трейдері/дилері/қызметкері позициясында банктерде, брокерлік немесе дилерлік ұйымдарда жұмыс тәжірибесі
• БАН нарығын, ақша және валюта нарықтарының құралдарын, бағалы қағаздар мен РЕПО-құралдарын терең білу
• Кәсіби терминалдарды сенімді игеру: Refinitiv (Thomson Reuters), Bloomberg, KASE
• Контрагенттермен келіссөздер жүргізу және мәмілелерді ресімдеу дағдылары
• Жоғары қаржылық/экономикалық білім
• Аналитикалық ойлау қабілеті, нарықтық жағдайда тез бағдарлай білу

Шарттар:

• Ресми жұмысқа орналастыру және тұрақтылық
• Қолайлы еңбек жағдайлары және сіздің денсаулығыңызға қамқорлық жасау
• Халықаралық қаржы құрылымындағы кәсіби өсу және мансаптық перспективалар
• Кеңсенің ыңғайлы орналасуы - қаланың дәл ортасында
• Кәсіби даму және өсу мүмкіндіктері

Бос орындар тізіміне оралу Түйіндеме жіберу