VTB Business мобильді банкін іске қосу

10.12.2020

Банк ВТБ (Қазақстан) жеке кәсіпкерлерге арналған мобильді банктің алғашқы - VTB Business релизін іске қосты. 2020 жылғы 14 желтоқсан мен 2021 жылғы 15 наурыз аралығындағы кезеңде қосымшаны пайдаланушылар ерекше шарттарды пайдалана алады:

Мобильді банкке қосылу - 1 теңге,

Ай сайынғы абоненттік төлем - 500 теңге (2021 жылғы 15 наурызға дейін).

VTB Business келесі сілтемелер бойынша тегін жүктеу үшін қазірдің өзінде қол жетімді:

Жаңа қосымшаның көмегімен жеке кәсіпкерлер компанияның шоттары туралы 24/7 ақпарат алады, Банк клиентінің өз шоттары арасында, сондай-ақ ҚР басқа банктеріне және бюджетке төлемдерді теңгемен жүргізе алады. Банк қосымшамен жұмыс істеуді жалғастырады және оның функционалын кеңейтеді.

VTB Business мобильді банкіне қосылу үшін кәсіпкерлердің ағымдағы шоты және Банк ВТБ (Қазақстан)-да тіркелген қолданыстағы телефон нөмірі болуы қажет. Мобильді банкте жеке кабинет ашу туралы өтінішке заңды тұлғаларға қызмет көрсететін банк бөлімшелерінде қол қоюға болады.