ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)
10 желтоқсан 2020
VTB Business мобильді банкін іске қосу
Банк ВТБ (Қазақстан) жеке кәсіпкерлерге арналған мобильді банктің алғашқы - VTB Business релизін іске қосты. 2020 жылғы 14 желтоқсан мен 2021 жылғы 15 наурыз аралығындағы кезеңде қосымшаны пайдаланушылар ерекше шарттарды пайдалана алады:
Мобильді банкке қосылу - 1 теңге,
Ай сайынғы абоненттік төлем - 500 теңге (2021 жылғы 15 наурызға дейін).
VTB Business келесі сілтемелер бойынша тегін жүктеу үшін қазірдің өзінде қол жетімді:
- PlayMarket (https://play.google.com/store/apps/details?id=com.bssys.mbcphone.kz.vtbank) Android платформасындағы құрылғылар үшін.
- AppStore (https://apps.apple.com/kz/app/vtb-business/id1532201245) iOS платформасындағы құрылғылар үшін.
Жаңа қосымшаның көмегімен жеке кәсіпкерлер компанияның шоттары туралы 24/7 ақпарат алады, Банк клиентінің өз шоттары арасында, сондай-ақ ҚР басқа банктеріне және бюджетке төлемдерді теңгемен жүргізе алады. Банк қосымшамен жұмыс істеуді жалғастырады және оның функционалын кеңейтеді.
VTB Business мобильді банкіне қосылу үшін кәсіпкерлердің ағымдағы шоты және Банк ВТБ (Қазақстан)-да тіркелген қолданыстағы телефон нөмірі болуы қажет. Мобильді банкте жеке кабинет ашу туралы өтінішке заңды тұлғаларға қызмет көрсететін банк бөлімшелерінде қол қоюға болады.