ВТБ (Қазақстан) интернет-банкингіне жаңа мүмкіндіктер қосылды

03.10.2016

Банк ВТБ (Қазақстан) үнемі қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында жұмыс істейді. Дамуының негізгі бағыттарының бірі – ол біздің клиенттерге банк өнімдері мен қызметтерін барынша жайлы жағдайда пайдалануға мүмкіндік беретін интернет-банкинг функционалын жақсарту.  

Осы аптада Банк ВТБ (Қазақстан) Online VTB функцияларын тағы кеңейтті. Енді біздің клиенттер банк бөлімшесіне келмей-ақ, Online VTB көмегімен:  

  • Өз бетінше жаңа төлем картасын ашады немесе қайта шығарады*;

  • Өз бетінше негізгі картаға қосымша карта ашады*;

  • Өз бетінше депозит немесе ағымдағы шот ашады.

*- шығарылған картаны алу үшін Банк бөлімшесіне хабарласу керек.    

Банк ВТБ (Қазақстан) өнімдері мен қызметтерін жайлылықпен пайдаланыңыз: кез келген ыңғайлы жерде, кез келген уақытта ең аз физикалық және материалдық шығындармен!  

Толығырақ телефон арқылы 5050 – ұялы телефоннан тегін.