ВТБ жаңалықтары (Қазақстан)
3 қазан 2016
ВТБ (Қазақстан) интернет-банкингіне жаңа мүмкіндіктер қосылды
Банк ВТБ (Қазақстан) үнемі қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында жұмыс істейді. Дамуының негізгі бағыттарының бірі – ол біздің клиенттерге банк өнімдері мен қызметтерін барынша жайлы жағдайда пайдалануға мүмкіндік беретін интернет-банкинг функционалын жақсарту.
Осы аптада Банк ВТБ (Қазақстан) Online VTB функцияларын тағы кеңейтті. Енді біздің клиенттер банк бөлімшесіне келмей-ақ, Online VTB көмегімен:
-
Өз бетінше жаңа төлем картасын ашады немесе қайта шығарады*;
-
Өз бетінше негізгі картаға қосымша карта ашады*;
-
Өз бетінше депозит немесе ағымдағы шот ашады.
*- шығарылған картаны алу үшін Банк бөлімшесіне хабарласу керек.
Банк ВТБ (Қазақстан) өнімдері мен қызметтерін жайлылықпен пайдаланыңыз: кез келген ыңғайлы жерде, кез келген уақытта ең аз физикалық және материалдық шығындармен!
Толығырақ телефон арқылы 5050 – ұялы телефоннан тегін.