17,0% сыйақы бар депозиттік сертификат

Банк ВТБ (Қазақстан) өз клиенттеріне депозиттік сертификатты ұсынады.

Бұл өнім банкке ақша орналастырудан максималды сыйақы алу бірегей мүмкіндігін бағалайтындар үшін жасалған.

Банктік депозиттік сертификаттарды шығару, айналысқа жіберу
және өтеу талаптары келесі сілтемеде жарияланған


Банктік салымның алдындағы депозиттік сертификаттың артықшылықтары: 

Жоғары табыстылық

Ыңғайлы орналастыру мерзімдері

Шарттары:

Валютасы теңге.
Сыйақы мөлшерлемесі  жылдық 17,0%.
Ең төменгі орналастыру сомасы  1 млн теңге.
Максималды орналастыру сомасы шектеусіз.
Орналастыру мерзімі  6 және 12 ай.
Сыйақы төлеу орналастыру мерзімі аяқталған кезде төлем 5 жұмыс күні ішінде немесе әр 3 ай өткен сайын жүргізіледі.
Толықтыру және ішінара алу қарастырылмаған.
Мерзімінен бұрын бұзу  сыйақы төлемей, Банкке жүгінген күннен бастап 31 күнтізбелік күнге.

Ерекше опциялар: депозиттік сертификат бойынша құқықтарды беру (тапсыру)

депозитный сертификат_09.08.jpgБанк сертификатқа құқықтарды беру жөніндегі мәмілені растайтын құжаттар, мысалы, сатып алу-сату, талап ету құқығын беру, сыйға тарту, айырбастау шарты және т. б. негізінде сертификат бойынша құқықтарды басқа жеке тұлғаға беру (тапсыру) мүмкіндігін көздейді.

Банк клиентпен Сатып алу-сату шартына қосымша келісім жасайды. Сертификатты шығаруға және айналысқа байланысты талапттар (сертификаттың айналыс мерзімі, сертификаттың номиналды құны, сыйақыны есептеу мөлшері мен әдісі), сертификатты иелену құқығы берілетін жаңа ұстаушының сәйкестендіру деректерін қоспағанда, өзгермейді.

Құқықтары қайта берілген (тапсырылған) Сертификат бойынша сыйақыны жаңа ұстаушыға есептеу Сертификатты клиенттің (жаңа ұстаушының) дербес шотына есептелген күннен кейінгі күннен бастап жүзеге асырылады. Иеленушінің Сертификатқа берілген меншік құқығы Сертификат оның жеке шотына аударылған сәттен бастап туындайды.

Сертификат шығару немесе беру құқығын ресімдеу үшін Клиентке Қазақстан Республикасы резидентінің/бейрезидентінің жеке басын куәландыратын құжаты бар Банк бөлімшесіне жүгіну қажет.



Депозиттік сертификат туралы шарт жасасу үшін Қазахстанның 12 қаласында бар банктің кез келген бөлімшесіне жүгіне аласыз.

Депозиттік сертификат банктік салым болып табылмайды және «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ кепілдік бермейді.