Кепілдік берілген өтемді алу үшін жүгінбеген «Qazaq Banki» АҚ депозиторларын кепілдік берілген өтемді төлеудің аяқталу күні туралы хабардар ету

Осы хабарламамен Банк «Qazaq Banki» АҚ депозиторларын кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімінің 2022 жылғы 1 мамырда аяқталғаны туралы хабардар етеді.

Бұл ретте депозитор көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш жасамаған жағдайда, ол талап етпеген кепілдік берілген өтем сомасы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-мен (бұдан әрі – Қор) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңымен көзделген тәртіпте депозитордың атына ашылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ғы жеке зейнетақы шотына аударылады .

Естеріңізге сала кетейік, әрбір банктегі бір салымшының барлық депозиттері мен банктік шоттары бойынша мемлекеттік кепілдік мөлшері:

  • ұлттық валютадағы жинақ депозиттері бойынша – 20 миллион теңгеге дейін қоса,
  •  ұлттық валютадағы депозиттер бойынша – 10 миллион теңгеге дейін қоса,
  • шетел валютасындағы депозиттер бойынша (қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша баламада) – 5 миллион теңгеге дейін қоса.

Салымшыда бір банкте бір мезгілде теңгемен де, шетел валютасымен де орналастырылған 2 және одан да көп депозиті болған жағдайда 20 миллион теңгеге дейін қоса кепілдік өтем төленеді.

Депозиттерге кепілдік беру мәселелері бойынша, оның ішінде кепілдік берілген өтемді алу тәртібі туралы қосымша ақпаратты салымшылар банк мамандарынан немесе тікелей ҚДКБҚ-дан колл–орталықтың 1460 телефоны бойынша ала алады.