Қазақстанның қалаларындағы энергосервистік бастамаларды қолдаудың «Қазақстандағы төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» бағдарламасы

Қаржылық қолдау шарасы ДАМУ КДҚ АҚ арқылы кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі бөлігін субсидиялау.
Субсидия алу үшін жобаға қойылатын талаптар Өтінім берушінің жобасы энергияны үнемдеу және парниктік газдардың CO2 таралуын азайтуға бағытталған болуы тиіс.
Энергия сақтаудың ең төменгі деңгейі:
А – Е секторларында 15%.
F секторында 45%.
Кредиттеудің мақсаты Инвестициялар, айналым қаражаттарын толықтыру
Субсидия көлемі кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 10%.
Кредиттің мөлшері 350 000 000 теңгеге дейін.
Кредиттер тек теңгелей беріледі.
Субсидияның берілу мерзімі 3 жыл, 6 жылға дейін ұзартуға мүмкіндігімен.
Қалалық инфрақұрылым секторлары (A) Қаланы жылумен қамтамасыз ету;
(B) Қаланы сумен қамтамасыз ету;
(C) Қоғамдық ғимараттар;
(D) Көпқабатты тұрғын үйлер;
(E) Қалалық кәріз жүйелері;
(F) Көше және ішкі жарықтар;
(G) Жобаны басқару жөніндегі комитет шешімі бойынша қаланың басқа инфрақұрылымдары.
Төмен көміртекті қалалық жобаның атқарушылары: — Энергосервис қызметінде кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар нысан иесі (ғимараттар, инженерлік желілер мен жүйелер, өндіріс көздері энергия және т.б.)
— Арнайы сервис (энергосервис) компаниясы.
Субсидия алушыға қойылатын талаптар — заңды тұлға Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркелінуі қажет;
— шаруашылық шарттарын жасасу үшін азаматтық құқық қабілеттілікке ие болуы қажет (мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама, құрылтай құжаттары);
— төлемқабілетті болу, жойылуға жатпау, олардың мүлкiне тыйым салынбаған болу, оның қаржылық-шаруашылық қызметі заңнамаға сәйкес тоқтатылмауы қажет (қызмет көрсетілетін Банктерде, салық және өзге де органдарда берешектің болмауын растайтын анықтамалар, қаржылық қолдау алуға өтініш берілген жылдың алдындағы соңғы 2 (екі) жылдың қаржылық есептілігі);
— заңды тұлға не оның қосалқы мердігері (бірлесіп атқарушы) Сенімсіз салық төлеушілер тізімінде/ Әлеуетті сенімсіз жабдықтаушылардың тізбесінде/Мемлекеттік сатып алулардың арам ниетті қатысушылар реестрінде/БҰҰ тізіміне (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, БҰҰ сатып алулар бөлімі және БҰҰ дисквалификациялаудың басқа тізімдері) сәйкес жалған кәсіпорындар тізбесінде болмауы қажет;
— қолайлы тәсілмен расталатын Хатшылыққа қарастыруға өтініш беру мерзіміне дейін энергия үнемдеумен және энергия тиімділігін арттырумен байланысты жобаларды іске асыруда кемінде 2 жыл тәжірибесі болуы қажет;
— БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тізімінде 1267/1989, БҰҰ сатып алулар бөлімі және БҰҰ дисквалификациялаудың басқа тізімдерінде өтініш білдіруші компаниялардың болмауы.
Мына кредиттер субсидиялауға жатпайды — кредитор ретінде ұлттық институттар болып табылатындар;
— халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың/мекемелердің сатып алу рәсімдерінің нәтижелері бойынша алынған міндеттемелерді орындауға бағытталғандар;
— бюджет қаражатының есебінен арзандатылған сыйақы мөлшерлемесі.
Бағдарлама туралы толығырақ БҰҰДБ  ДАМУ КДҚ АҚ сайтында немесе 1408 нөмері бойынша біріңғай колл-орталығы арқылы біле аласыз