Қазақстанның қалаларындағы энергосервистік бастамаларды қолдаудың «Қазақстандағы төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» бағдарламасы
Қаржылық қолдау шарасы | ДАМУ КДҚ АҚ арқылы кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі бөлігін субсидиялау. |
Субсидия алу үшін жобаға қойылатын талаптар |
Өтінім берушінің жобасы энергияны үнемдеу және парниктік газдардың CO2 таралуын азайтуға бағытталған болуы тиіс. Энергия сақтаудың ең төменгі деңгейі: А – Е секторларында 15%. F секторында 45%. |
Кредиттеудің мақсаты | Инвестициялар, айналым қаражаттарын толықтыру |
Субсидия көлемі | кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 10%. |
Кредиттің мөлшері |
350 000 000 теңгеге дейін. Кредиттер тек теңгелей беріледі. |
Субсидияның берілу мерзімі | 3 жыл, 6 жылға дейін ұзартуға мүмкіндігімен. |
Қалалық инфрақұрылым секторлары |
(A) Қаланы жылумен қамтамасыз ету; (B) Қаланы сумен қамтамасыз ету; (C) Қоғамдық ғимараттар; (D) Көпқабатты тұрғын үйлер; (E) Қалалық кәріз жүйелері; (F) Көше және ішкі жарықтар; (G) Жобаны басқару жөніндегі комитет шешімі бойынша қаланың басқа инфрақұрылымдары. |
Төмен көміртекті қалалық жобаның атқарушылары: |
— Энергосервис қызметінде кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар нысан иесі (ғимараттар, инженерлік желілер мен жүйелер, өндіріс көздері энергия және т.б.) — Арнайы сервис (энергосервис) компаниясы. |
Субсидия алушыға қойылатын талаптар |
— заңды тұлға Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркелінуі қажет; — шаруашылық шарттарын жасасу үшін азаматтық құқық қабілеттілікке ие болуы қажет (мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама, құрылтай құжаттары); — төлемқабілетті болу, жойылуға жатпау, олардың мүлкiне тыйым салынбаған болу, оның қаржылық-шаруашылық қызметі заңнамаға сәйкес тоқтатылмауы қажет (қызмет көрсетілетін Банктерде, салық және өзге де органдарда берешектің болмауын растайтын анықтамалар, қаржылық қолдау алуға өтініш берілген жылдың алдындағы соңғы 2 (екі) жылдың қаржылық есептілігі); — заңды тұлға не оның қосалқы мердігері (бірлесіп атқарушы) Сенімсіз салық төлеушілер тізімінде/ Әлеуетті сенімсіз жабдықтаушылардың тізбесінде/Мемлекеттік сатып алулардың арам ниетті қатысушылар реестрінде/БҰҰ тізіміне (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, БҰҰ сатып алулар бөлімі және БҰҰ дисквалификациялаудың басқа тізімдері) сәйкес жалған кәсіпорындар тізбесінде болмауы қажет; — қолайлы тәсілмен расталатын Хатшылыққа қарастыруға өтініш беру мерзіміне дейін энергия үнемдеумен және энергия тиімділігін арттырумен байланысты жобаларды іске асыруда кемінде 2 жыл тәжірибесі болуы қажет; — БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тізімінде 1267/1989, БҰҰ сатып алулар бөлімі және БҰҰ дисквалификациялаудың басқа тізімдерінде өтініш білдіруші компаниялардың болмауы. |
Мына кредиттер субсидиялауға жатпайды |
— кредитор ретінде ұлттық институттар болып табылатындар; — халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың/мекемелердің сатып алу рәсімдерінің нәтижелері бойынша алынған міндеттемелерді орындауға бағытталғандар; — бюджет қаражатының есебінен арзандатылған сыйақы мөлшерлемесі. |
Бағдарлама туралы толығырақ | БҰҰДБ ДАМУ КДҚ АҚ сайтында немесе 1408 нөмері бойынша біріңғай колл-орталығы арқылы біле аласыз |