"Агробизнес" бағдарламасы

«Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ қаражаты есебінен агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне арналған «Агробизнес» бағдарламасы. Аталған бағдарлама ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және/немесе аспалы тіркеме жабдықтарын сатып алуға бағытталған.

«АГРОБИЗНЕС» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі Жылдық 6,8% артық емес

Қарыз валютасы

теңге

Қарыз мерзімі

120 айға дейін – инвестицияларға;

24 айға дейін – айналым қаражатын толықтыру;

Максималды қаржыландыру мерзімі 19.02.2029 ж. дейін

Мақсаттылығы

  • негізгі құралдарды сатып алу, оның ішінде объектілерді жаңғырту,
  • құрылыс-монтаж жұмыстары, соның ішінде қайта жаңарту,
  • айналым қаражатын толықтыру
  • Қаржыландыру саласы

  • Етті қайта өңдеу және консервілеу
  • Үй құсының етін өңдеу және консервілеу
  • Ет және үй құсының етінен өнімдер өндіру
  • Балықтарды, шаян тәрізділерді және ұлуларды өңдеу және консервілеу
  • Сүтті қайта өңдеу және ірімшік өндіру
  • Балмұздақ өндіру
  • Майлар мен мал майының өндірісі
  • Маргарин және ұқсас мал май өнімдерін өндіру
  • Қант өндіру
  • Какао, шоколад және қантты кондитерлік өнімдер өндірісі
  • Крахмал және крахмал өнімдерін өндіру
  • Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеудің өзге де түрлері
  • Картопты өңдеу және консервілеу
  • Дәмдеуіштер мен татымдылар өндірісі
  • Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерін өндіру
  • Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру
  • Тоқыма талшықтарын дайындау және иіру
  • Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіру: Ұн және жарма өндірісі
  • Нан өндіру: жаңа піскен ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, торттар мен пирожныйлар өндірісі
  • Кептірілген нан және печенье өндірісі; ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, вафли, торттар, пирожныйлар, пирогтар және бисквиттер өндірісі
  • Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын жем өндіру
  • Теріні илеу және өңдеу