«Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ қаражаты есебінен агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне арналған «Агробизнес» бағдарламасы. Аталған бағдарлама ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және/немесе аспалы тіркеме жабдықтарын сатып алуға бағытталған.
«АГРОБИЗНЕС» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі
|
Жылдық 6,8% артық емес
|
Қарыз валютасы
|
теңге
|
Қарыз мерзімі
|
120 айға дейін – инвестицияларға;
24 айға дейін – айналым қаражатын толықтыру;
Максималды қаржыландыру мерзімі 19.02.2029 ж. дейін
|
Мақсаттылығы
|
негізгі құралдарды сатып алу, оның ішінде объектілерді жаңғырту,
құрылыс-монтаж жұмыстары, соның ішінде қайта жаңарту,
айналым қаражатын толықтыру
|
Қаржыландыру саласы
|
Етті қайта өңдеу және консервілеу
Үй құсының етін өңдеу және консервілеу
Ет және үй құсының етінен өнімдер өндіру
Балықтарды, шаян тәрізділерді және ұлуларды өңдеу және консервілеу
Сүтті қайта өңдеу және ірімшік өндіру
Балмұздақ өндіру
Майлар мен мал майының өндірісі
Маргарин және ұқсас мал май өнімдерін өндіру
Қант өндіру
Какао, шоколад және қантты кондитерлік өнімдер өндірісі
Крахмал және крахмал өнімдерін өндіру
Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеудің өзге де түрлері
Картопты өңдеу және консервілеу
Дәмдеуіштер мен татымдылар өндірісі
Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерін өндіру
Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру
Тоқыма талшықтарын дайындау және иіру
Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіру: Ұн және жарма өндірісі
Нан өндіру: жаңа піскен ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, торттар мен пирожныйлар өндірісі
Кептірілген нан және печенье өндірісі; ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, вафли, торттар, пирожныйлар, пирогтар және бисквиттер өндірісі
Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын жем өндіру
Теріні илеу және өңдеу
|