Аудару операциялары

Банк аудармасы – Қазақстан ішіндегі және халықаралық есептесулердің кеңінен тараған түрі. Банк аудармасы коммерциялық мәмілелер бойынша есептесулерді, соның ішінде экспорт пен импорт бойынша төлемдер, көрсетілген қызметтер және зиягерлік қызмет үшін төлемдерді жүзеге асыру барысында қолданылады.


Мүмкіндіктеріміз

Клиенттерінің мүдделері мен қажеттіліктерін барынша есепке алу мақсатымен Банк алыс шетелдердегі ірі банктерде USD, EURO, RUR және басқадай ұлттық валюталардағы корреспонденттік шоттар ашып қойған.


Банктік аударма бойынша операция түрлері

Біз ұсынамыз:

  • Банк клиенттерінің пайдасына келіп түскен Қазақстан Республикасы валютасындағы ақшаны есепке алу;
  • Банкте банк шоттары бар клиент – кәсіпорындар мен ұйымдардың теңгеде, ресей рублінде, шетел валютасында ақша аудару жөніндегі төлем тапсырыстарын орындау;
  • Резиденттерге бұрын шетел валютасында берілген кредиттер мен қарыздар бойынша берешектерді өтеу мақсатымен төлемдердің жүзеге асыру.


ВТБ - импортерлерге

клиенттерінің тапсырыстары бойынша ВТБ Қазақстаннан шетелдерге тауарлардың/жұмыстардың/қызметтердің, зиягерлік қызмет нәтижелерінің, саудалық емес операциялардың  құнын төлеу және қаржылық сипаттағы басқадай төлемдерін шетелдік валютада аударуды жүзеге асырады. Банк мамандары өзара келісімдердің төлем шарттарын құрастыру және аударуға арыз толтыру бойынша кеңестер береді.

Клиентінің сәйкес тапсырысы болған жағдайда Банк орындалған аудару операциялары бойынша оралымдық тергеу жүргізіп, төлем нұсқауларына сәйкес өзгертулер енгізеді.