Бөлімшелер мен банкоматтар 5050

«Мобильді банк»/«Интернет банк» жүйесіндегі қашықтықтан банктік қызмет көрсету талаптары

Осымен Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ (бұдан әрі – Банк) Банк Басқармасы бекіткен (2021 жылғы «21» желтоқсандағы №75 хаттама) «Мобильді банк» / Интернет банк» жүйесіндегі Қашықтықтан банктік қызмет көрсеу шарттарына (бұдан әрі – Шарт) сәйкес Банк 21.07.2026 жылы Банк Басқармасының Шартқа 19.08.2026 жылдан бастап күшіне енетін өзгерістерді / толықтыруларды бекіткені (21.07.2026 жылғы №46 Банк Басқармасының хаттамасы) туралы хабарлайды.

Клиент Шарттың жоғарыда көрсетілген өзгерістерімен және (немесе) толықтыруларымен келіспеген жағдайда, Клиент Банк белгілеген нысан бойынша Шартты бұзуға өтініш беру арқылы шартты белгіленген тәртіппен бұзуға құқылы (Шартқа / Талаптарға 10-қосымша).

Егер жоғарыда көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар Шартқа күшіне енген күнге дейін кемінде 1 (бір) күн бұрын Банк шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама алмаса, Банк бұл мән-жай Клиенттің жоғарыда көрсетілген өзгерістермен және шарт талаптарына толықтырулармен келісімін (акцептін) білдіреді деп есептейді.