Есеп айырысу шотын ашуға арналған құжаттар жиынтығы

Резидент - заңды тұлғаларға

Клиенттің толтыруы/ресімдеуіне арналған құжаттардың бланкілері:

  • FATCA бойынша сұрақнама (өтінімде қоса берілген нысан бойынша)

Клиентті тиісті тексеру аясында қажетті құжаттар:

  • Клиент (филиал немесе өкілдік) басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі);
  • Құрылтай құжаттарының көшірмелері және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірмелер;
  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі (берілген сәттен бастап 10 күн өтті). Егер клиенттің нақты мекенжайы тіркеу орнынан өзгеше болса, орналасқан жерін куәландыратын құжат;
  • Есептік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу туралы анықтама (Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін);
  • Тұлғалардың құжаттарға қол қою құқығына, шот бойынша ақшамен операциялар жасауға өкілеттігін растайтын құжат (тағайындау туралы бұйрықтар, хаттамалардың көшірмелері, заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімдері);
  • Жоғары органның құрамына кіретін жеке тұлғалардың, бенефициарлық меншік иесінің (иелерінің) жарғылық капиталға қатысудың 25%-дан астамы тікелей немесе жанама тиесілі жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмелері;
  • Егер құрылтайшы бейрезидент-заңды тұлға болып табылған жағдайда, сауда тізілімінен үзінді көшірмені не бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеген орган, белгіленген тәртіппен тіркеу нөмірі, тіркеу күні мен орны туралы ақпаратты қамтитын ұқсас сипаттағы басқа құжатты ұсынады.

Егер жүзеге асырылатын қызмет лицензияланатын қызмет болып табылса, лицензиялар, рұқсаттар беру қажет.

Қазақстан Республикасының резиденттері-заңды тұлғалар және олардың филиалдары мен өкілдіктері үшін ағымдағы шот ашу үшін қажетті құжаттар:

  • қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктері үшін – қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттігін растайтын құжаттар;
  • өзге ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін – заңды тұлғаның филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхатының көшірмесі;
  • мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін – "бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның рұқсаты »;

Резидент емес-заңды тұлғаларға

Клиенттің толтыруы/ресімдеуі үшін құжаттардың бланкілері:

  • FATCA бойынша сұрақнама (Өтінімде қоса берілген нысан бойынша)

Клиентті тиісті тексеру аясында қажетті құжаттар:

  • Клиент (филиал немесе өкілдік) басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі);
  • Құрылтай құжаттарының көшірмелері және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірмелер;
  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі (берілген сәттен бастап 10 күн өтті). Егер клиенттің нақты мекенжайы тіркеу орнынан өзгеше болса, орналасқан жерін куәландыратын құжат;
  • Есептік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу туралы анықтама (заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін);
  • Тұлғалардың құжаттарға қол қою құқығына, шот бойынша ақшамен операциялар жасауға өкілеттігін растайтын құжат (тағайындау туралы бұйрықтар, хаттамалардың көшірмелері, заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімдері);
  • Жоғары органның құрамына кіретін жеке тұлғалардың, бенефициарлық меншік иесінің (иелерінің) жарғылық капиталға қатысудың 25%-дан астамы тікелей немесе жанама тиесілі жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмелері;
  • Егер құрылтайшы бейрезидент-заңды тұлға болып табылған жағдайда, сауда тізілімінен үзінді көшірмені не бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеген орган, белгіленген тәртіппен тіркеу нөмірі, тіркеу күні мен орны туралы ақпаратты қамтитын ұқсас сипаттағы басқа құжатты ұсынады.

Егер жүзеге асырылатын қызмет лицензияланатын қызмет болып табылса, лицензиялар, рұқсаттар беру қажет.

Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары үшін ағымдағы шот ашу үшін қажетті құжаттар:

  • қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктері үшін – қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттігін растайтын құжаттар;
  • өзге ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін – заңды тұлғаның филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхатының көшірмесі.

Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары үшін ағымдағы шот ашу үшін қажетті құжаттар:

  • сауда тізілімінен үзіндінің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі не бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркеу күні мен орны туралы ақпаратты қамтитын, қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар және қажет болған жағдайда заңдастырылған не апостильденген ұқсас сипаттағы басқа құжат;

Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктер үшін ағымдағы шот ашу үшін қажетті құжаттар:

  • дипломатиялық және консулдық өкілдіктің тіркелгенін растау туралы нотаның көшірмесі.

Жеке кәсіпкерлерге, шаруа (фермер) қожалықтарына, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға және кәсіби медиаторларға

Тиісті тексеру үшін қажетті құжаттар:

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • жекеше нотариустар үшін – нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның көшірмесі не "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры арқылы алынған электрондық лицензияның көшірмесі»;
  • адвокаттар үшін – адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның көшірмесі не "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры арқылы алынған электрондық лицензияның көшірмесі»;
  • жеке сот орындаушылары үшін – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияның көшірмесі не "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры арқылы алынған электрондық лицензияның көшірмесі;
  • кәсіби медиаторлар үшін – медиаторлар бағдарламасы бойынша оқудан өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі.

Ағымдағы шотты ашу үшін қажетті құжаттар:

  • Заңнама талаптарына сәйкес жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде, оның ішінде шаруа (фермер) қожалығының басшысы ретінде тіркелуін растайтын құжат (Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы Куәлік немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама).