«Премиум Несие»

Тіпті тұрақты және табысты бизнес үшін де уақыт өткен сайын қаржылық қолдау талап етіледі.

Егер Сіз өндірісті елеулі кеңейту мен жаңартуды жоспарласаңыз және ұзақмерзімді банктік қаржыландыруға мұқтаж болсаңыз, «Премиум Несие» бағдарламасының артықшылықтарын пайдаланыңыз.

Осы бағдарламаның шеңберінде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар* тым қысқа мерзімде негізгі қаражаттар алу мен жаңартуға, айналымды толықтыруға, сондай-ақ басқа банктердегі қарыздарын қайта қаржыландыруға несие ала алады.

Несие беру шарттары

Қарыз көлемі* Несие беру мерзімі*** Қарыз валютасы Пайыздық мөлшерлемесі Ұсыну формасы
750 млн. теңге
5 млн. АҚШ доллары**
1 ай теңге, АҚШ доллары, ресей рублі жеке тәртіпте анықталады біржолғы қарыз немесе несиелік желі
75 млн. теңге
500 мың АҚШ доллары**
84 ай

* Инвестициялық мақсаттарға арналған қарыз Қарыз алушының жеке капиталынан аса алмайды; 
айналым қаражаттарды толтыруға арналған қарыз – Қарыз алушының ағымдағы активтер көлемінен 25%-дан артық емес. 
** Немесе ресей рубліндегі эквивалентті сома. 
*** Айналым қаражаттарды толтыруға арналған несие беру мерзімі – 36 айдан артық емес.

Қарыз алушы үшін шарттар

  • Негізгі қызметі бойынша жұмыс тәжірибесі – 6 айдан кем емес;
  • Қарыз алушының қызметі соңғы жылда шығынсыз болуы керек;
  • Қарыз алушының баланс құрылымындағы меншікті капиталының мөлшері баланс валютасынан  25%-дан кем құрамауы керек;
  • Қарыз алушының 60 күннен артық реттелмеген мерзімі өткен дебиторлық/кредиторлық қарызының үлесі оның тұтас қарызының тұтас мөлшерінен 15%-дан аспауы керек;
  • Банк ВТБ (Қазақстан) және қызмет көрсетуші банк алдында соңғы 12 айдағы қаржылық міндеттемелер бойынша мерзімі өткен қарыздардың болмауы;
  • Банк ВТБ (Қазақстан) және қызмет көрсетуші банк алдында қаржылық міндеттемелер бойынша мерзімін ұзарту мен қайта құрылымның болмауы;
  • Несие алғаннан кейін қарыз алушы айналымдарын Банк ВТБ (Қазақстан)-ға аударуы керек немесе Банк ВТБ (Қазақстан) еңбекақылық жобасының қатысушысы болуы керек.  

Егер Сізді біздің ұсынысымыз қызықтырса, бізге телефон шалыңыз. Біз міндетті түрде шарттарды анықтау үшін Сізбен байланысамыз, кездесуге шақырамыз, Сіздің сұрақтарыңызға жауап береміз және қызмет көрсету жөнінде толық кеңес ұсынамыз.