Аккредитивтер түрлері


Қамтамасыз ету талаптары бойынша:

өтелген аккредитив – аккредитивтің бүкіл қолданылу мерзіміне 100 % ақшалай өтеvмен қамтамасыз етілген аккредитив, осы ақшаны аккредитив бойынша төлемдерді төлеу үшін ықтималды пайдалану шартымен;    

өтелмеген аккредитив – ақшалайдан өзге өтеммен қамтамасыз етілген аккредитив. Сондай-ақ, клиент қамтамасыз ету ретінде ақшалай өтеуді ұсынған  жағдайда, бірақ бұл ретте депозитке салынатын қаражаттың сомасы аккредитив сомасынан кем болса, аккредитив өтелмеген болып есептеледі;

Орындау әдісіне байланысты, орындалатын жолдары*:

құжаттарды ұсынған кезде төлем жасау жолымен  – банк эмитент (немесе растаушы банк) аккредитив бойынша төлемді Бенефициар аккредитивте белгіленген құжаттарды ұсынғаннан кейін Бенефициардың пайдасына жүргізеді;  

төлем мерзімін ұзарту жолымен  - банк эмитент (немесе растаушы банк) аккредитив бойынша төлемді Бенефициардың пайдасына аккредитивте белгіленген мерзімдерде төлейді;   

аралас төлем жолымен - банк эмитент (немесе растайтын банк) құжаттар сомасының бөлігін құжаттарды ұсынған кезде төлейді, қалған бөлігі төлемнің мерзімін ұзарту жолымен.   

*Жоғарыда көрсетілген аккредитивтер түрлері бойынша Банк шетелдік қаржы институтымен растауды ұйымдастыруы мүмкін, кейінгі қаржыландыру/дисконттау шетелдік қаржы институттары қаржысының есебінен.

Аккредитивтердің басқа түрлері:

Трансферабелді (аудармалы) аккредитив  – бірінші бенефициардың аккредитивті толық көлемде немесе ішінара басқа тұлғаға немесе тұлғаларға (екінші бенефициарға) Құжаттамалық аккредитивтер үшін сәйкестендірілген ережелер және ғұрыптарымен (UCP 600, 2007 ж. редакциялау) белгіленген тәртіпке сәйкес басқа (аударатын) банкке аккредитивті беру туралы өтінішімен жүгінуге құқық беретін аккредитив   

резервтік аккредитив («stand-by» аккредитив) – эмитент-банк Аппликанттың (соның тапсырмасы бойынша аккредитив шығарылатын Клиент) Бенефициар алдындағы міндеттемелерінің орындалу кепілдігі ретінде бенефициардың пайдасына шығарған аккредитив. Резервтік аккредитив бойынша ұсынылған құжаттар Аппликанттың келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзғандығын растайтын болуы тиіс. Өз функционалдығына қарай резервтік аккредитив кепілдікке ұқсас болып табылады.