Су тасқынынан зардап шеккен Банк ВТБ (Қазақстан) қарыз алушыларын қолдау шаралары

05.04.2024
Құрметті қарыз алушылар, егер Сіз жеке өзіңіз немесе Сіздің бизнесіңіз 2024 жылғы наурыз-сәуірдегі көктемгі су тасқынынан зардап шеккен болса, Банк ВТБ (Қазақстан) Сізге қолдаудың келесідей түрлерін көрсетеді:

Жеке тұлғалар үшін:
• кредит бойынша үш айға дейінгі мерзімге (2024 жылғы 01 сәуірден 30 маусымға дейін) мерзімін ұзартады;
• үш айға дейінгі мерзімге (2024 жылғы 01 сәуірден бастап 30 маусымға дейін) негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептемейді.

Заңды тұлғалар және ЖК үшін:
• кредит бойынша үш айға дейінгі мерзімге (2024 жылғы 01 сәуірден 30 маусымға дейін) мерзімін ұзартады;
• үш айға дейінгі мерзімге (2024 жылғы 01 сәуірден бастап 30 маусымға дейін) негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептемейді;
• кредит бойынша үш айдан астам мерзімге кейінге қалдыру қажет болған жағдайда - жеке тәртіппен қарау.

Қолдау шаралары жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да, оның ішінде ЖК-ға да қатысты. Бұл ретте, Банк қарыз алушыдан негізгі борышты және кредиттер бойынша сыйақыны өтеу бойынша кейінге қалдыру туралы өтінішті қарағаны үшін комиссиялар мен өзге де төлемдерді алмайды.

 Банктен қолдау алу үшін жеке және заңды тұлғаларға (оның ішінде ЖК):

1. Негiзгi борыш пен сыйақыны кейiнге қалдыру себептерiн көрсете отырып, Банкке еркiн нысанда өтiнiш беру керек. Банк бөлімшелерінде немесе info@vtb-bank.kz электрондық пошта жәшігіне өтініш беруге болады.
Қосымша заңды тұлғалар мен ЖК - «VTB Business» интернет-банкі арқылы немесе банктің сайтында өтініш нысанын толтыру арқылы;
2. Банкке келтірілген залалды растайтын құжаттарды:
• форс-мажор туралы құжат - еңсерілмейтін күш жағдайлары туралы куәлік;
• бизнес жүргізу орнынан фотоесеп;
• басқа құжаттар
(ресми дереккөздерден ақпарат болған жағдайда - құжаттарды ұсыну талап етілмейді).
Банк кредит бойынша кейінге қалдыру себептерін анықтау үшін қосымша құжаттар сұратуға құқылы.
Қосымша ақпарат алу үшін банктің байланыс орталығына 5050 нөміріне хабарласыңыз (ұялы телефоннан тегін).