Қазақстандық банктер су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларға қарыздарын өтеуді кейінге қалдыруды ұсынады

01.04.2024

Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы.

Қазақстандық екінші деңгейдегі банктер су тасқыны кезеңінің салдарын жоюға және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халық пен кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған Үкіметтің шұғыл шараларын қолдайды.
Банктер өз тарапынан келесі қолдау көрсетуге дайын екендіктерін растады:

1. 2024 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейінгі мерзімге, жергілікті атқарушы билік органдарының тізімдеріне сәйкес, су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған қарыз алушы – Жеке тұлғаларға қарыздарды өтеуді кейінге қалдыру берілсін.
2. 2024 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым аралығындағы кезеңде, қаржылық жағдайы су тасқынының теріс әсерінен нашарлаған қарыз алушы – жеке тұлғаларда, туындаған төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмесін.
3. cу тасқынынан туындаған олардың шаруашылық қызметінің бұзылуына байланысты дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттері бойынша міндеттемелерді орындау бойынша кейінге қалдыруды ұсынсын.

Банкке тиісті өтініштер беру қажеттілігін, еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу фактілерін растайтын құжаттарды ұсынуды қоса алғанда, кейінге қалдыруды берудің нақты механизмдерін, жоғарыда көрсетілген қарыз алушылардың барлық санаттары үшін, әрбір екінші деңгейдегі банк дербес айқындайтын болады. Осы механизмдердің және қарыз алушылар үшін қажетті барлық іс-қимылдардың сипаттамасы жақын арада банктердің ресми сайттарында және олардың әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланатын болады.

Екінші деңгейдегі қазақстандық банктер қаржы секторы тарапынан қолдау тапқан Үкіметтің су тасқынына қарсы шараларын іске асыру нәтижесінде апаттан зардап шеккен облыстардың тұрғындары мен кәсіпкерлеріне қираған тұрғын үй, әлеуметтік және өнеркәсіптік инфрақұрылым объектілерін қалпына келтіруді қоса алғанда, барлық қажетті көмек көрсетілетініне сенімді.