«Жинақтау» және «Сақтау» салымдарын ұстаушыларға арналған ақпарат

20.03.2024

Құрметті клиенттер,

ВТБ банкі (Қазақстан) 2024 жылғы 1 сәуірден бастап «Жинақтау» және «Сақтау» салымдарын жаңа қабылдау және қолданыстағы салымдарды автоматты түрде ұзарту тоқтатылатынын хабарлайды.

Көрсетілген күнге дейін жасалған шарттар салым сомасын орналастыру мерзімінің соңына дейін не ол бұзылған күнге дейін қолданылады.

Егер клиент шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін салым сомасын талап етпесе, ақша банктік салым шартында көрсетілген тәртіпке сәйкес шотта сыйақыны есептемей және төлемей сақталатын болады.