ВТБ (Қазақстан) пайдасы 20,7 млрд теңгеге жетті

14.02.2024

ВТБ (Қазақстан) 2023 жылдың қорытындысы бойынша 20,7 млрд теңге таза пайдаға жетті. Банктің активтері 226 млрд теңгеге дейін 17%-ға ұлғайды, клиенттердің тартылған қаражатының көлемі 108,4 млрд теңгеге дейін екі есеге өсті.

«Біз 2023 жылы өзінің тиімділігін көрсеткен жұмыстың бизнес-моделін байыппен қайта құрдық. Корпоративтік сегменттегі флагман сыртқы экономикалық қызмет болып табылады. Банк СЭҚ келісімшарттарының көлемін екі есеге арттырды. Бүгінгі таңда біздің осы бағыттағы сараптамамыз Ресей мен Қазақстан нарықтарымен жұмыс істейтін компаниялар үшін негізгі қаржылық серіктестердің бірі болып қалуға мүмкіндік беріп отыр. Халық үшін біз еліміздегі «Мир» төлем жүйесінің карталарын шығаратын және оларға толық қызмет көрсететін жалғыз банкпіз. Берілген карталар саны 24 мыңнан асты және ай сайын орта есеппен 4-5%-ға өсуді жалғастырып жатыр. Біздің карталар сауда қызметін жүргізетін кәсіпкерлер арасында да танымал», - деп түсіндірді ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло.

Өткен жылы депозиттік портфельдің өсу драйвері жеке тұлғалардың салымдары болды. Клиенттер қаражаттың негізгі көлемін, яғни 90%-ын ұлттық валютада салады, өйткені мұндай өнімдер бойынша ставкалар ең жоғары кіріс алуға мүмкіндік береді.

2023 жылы ВТБ (Қазақстан) өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының желісін 60 банкоматқа дейін екі есеге ұлғайтты. Бұдан басқа, Алматы, Астана, Шымкент және Қарағандыдағы төрт бөлімшеде алғаш рет ауқатты сегменттің клиенттері үшін арнайы қызмет көрсету аймақтары пайда болды.

ВТБ (Қазақстан) ВТБ халықаралық қаржы тобының бір бөлігі болып табылады. Банк бөлімшелері Қазақстанның 17 өңірінде бар, Орталық кеңсесі Алматы қалсында орналасқан.