ВТБ (Қазақстан): әрбір екінші бизнес-картаны сауда компаниялары рәсімдейді

17.01.2024

2.jpgMir Business ВТБ (Қазақстан) карталарының негізгі иелері сауда компаниялары болып табылады – олардың үлесі 50%-дан асады. Карталардың үштен бірін жүк тасымалдаушылар жасайды. Бизнеске арналған карталардың ең көбі Орал, Қостанай және Алматыда шығарылады. Олар бойынша транзакциялардың негізгі көлемін көлік шығындары, қонақүйлерде тұру ақысы, сондай-ақ сауда орындарында сатып алу сомалары құрайды.


«Біз Ресеймен шекараға жақын орналасқан қалалардағы кәсіпкерлердің Mir Вusiness карталарына тұрақты сұранысын байқадық, өйткені олар осы елмен белсенді түрде бизнес жүргізеді. Клиенттер үшін қолайлылықты арттыру мақсатында алдағы айларда біз бизнес-картаның виртуалды нұсқасын шығаруды жоспарлап отырмыз, сонда оның иелері оны тез арада рәсімдеп, смартфон арқылы сатып алу ақысын бірден төлей бастайды», - деп ВТБ (Қазақстан) корпоративтік клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі департаментінің директоры Олеся Акылова түсініктеме береді.

ВТБ (Қазақстан) Mir Business карталарын шығаруды өткен жылдың наурыз айында бастады. Оның көмегімен Ресейде және «Мир» төлем жүйесі бар басқа елдерде есеп айырысуға болады. Карта 3 жылға тегін шығарылады, ал оған жылдық қызмет көрсету құны 10 000 теңгеден басталады. Өнімді рәсімдегеннен кейін ұйымның шоты автоматты түрде ашылады, оған компанияның ағымдағы шотынан қаражат аударуға болады. Бұл ретте бухгалтерия VTB Вusiness онлайн-банкіндегі операциялар мен карта бойынша есептілікке толық қол жеткізе алады.

ВТБ-ның қазіргі клиенттері карта шығаруға өтінімді VTB Вusiness интернет-банкингінде беріп, оны банк филиалынан алып кете алады. Ал жаңаден келген клиенттер карта шығару үшін Қазақстанның 12 қаласындағы банк кеңселерінің біріне өзі баруы қажет.