ВТБ (Қазақстан) СЭҚ келісім-шарттарының көлемін екі есеге арттырды

04.12.2023

ВТБ (Қазақстан) жылдың қаңтар-қазан айының қорытындысы бойынша сыртқы экономикалық қызмет шеңберінде жасалған шарттардың көлемін 12,4 трлн теңгеге дейін ұлғайтты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Есепті кезеңде келісім-шарттар саны 3 есеге өсіп, 11,3 мыңнан асты.

«Бүгінде ВТБ (Қазақстан) қазақстандық бизнеске Ресей мен Беларусь серіктестерімен белсенді сыртқы экономикалық қызмет жүргізуге көмектесетін елдегі жетекші банктердің бірі болып табылады. Біз компанияларға ыңғайлы цифрлық сервистерді және оларға валюталық мәмілелер мен қажетті инфрақұрылымға шектеусіз қол жеткізуді ұсынамыз. Бұдан басқа, Банк СЭҚ жүргізу шеңберінде сапалы көпжылдық сараптамаға ие. Біздің мамандар қатысушыларға халықаралық банктік қызмет көрсетудің ең күрделі мәселелері және валюталық заңнамадағы өзгерістер бойынша кеңес беруге дайын», - деп түсіндірді ВТБ (Қазақстан) корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры Олеся Акылова.

СЭҚ үшін негізгі функционал клиенттерге VTB Business интернет-банкінде қолжетімді. Онда пайдаланушылар бір күнде кез-келген ресейлік банкке ақша аударымдарын жасай алады, рубльді тиімді бағам бойынша сатып алады немесе сата алады, сондай-ақ екі сағат ішінде валюталық келісім-шарттарды тіркей алады. Бұдан басқа, банк халықаралық мәмілелердің барлық қатысушыларына валюталық шарттар жобаларына алдын ала сараптама ұсынады, сондай-ақ оларды Қазақстанның валюталық заңнамасындағы барлық өзгерістер туралы үнемі хабардар етеді.