ВТБ (Қазақстан) оқуға салынған салым бойынша мөлшерлемені 15%-ға дейін ұлғайтты

27.11.2023
ВТБ (Қазақстан) білім беруге арналған мақсатты салым бойынша мөлшерлемені 6,2 пайыздық пунктке ұлғайтты. Жылдық 15%-дық депозитті республиканың 17 қаласында банктің кез келген бөлімшесінде ашуға болады. Оған сондай-ақ салым бойынша қалдыққа мемлекеттің жылдық 7%-ға дейінгі сыйлықақысы қарастырылған.


«Білім беру – AQYL» салымын республика тұрғындары өздеріне немесе өздерінің балаларына ұлттық валютада рәсімдей алады. Депозиттен түскен қаражат мақсатты болып табылады – оларды Қазақстанның оқу орындарында және шетелде білім алуға төлеуге бағыттауға болады. Жинақ өнімі бойынша ең төменгі сома 20 жылға дейінгі мерзімге ең төменгі үш есептік көрсеткіштен басталады.

Салым бойынша банк мөлшерлемесіне қосымша мемлекеттен сыйлықақы қарастырылған. Негізгі клиенттер үшін оның мөлшері 5%, салымшылардың жеңілдетілген санаттары үшін – жылдық 7% құрайды. Сыйақы жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша депозиттің нақты қалдығына есептелінеді. Сыйақы алу үшін жинақтау мерзімі бір жылды құрауы тиіс. Оқуға қаражат аударуды қоспағанда депозит бойынша ішінара алу қарастырылмаған.

«Сапалы білім – өскелең ұрпақтың дамуы мен болашағына салынған ең жақсы инвестиция. Біз оқу депозитін шамамен алты жыл бұрын іске қостық. Бүгінгі күні ата-аналар осындай салымдардың 100% балаларының атына ашты. Банктің мөлшерлемесі мен мемлекеттің сыйақысы есебінен жоғары табыстылықтың нәтижесінде, ата-аналар өздері үшін қолайлы соманы сала отырып, оқуға түсу және одан әрі оқыту үшін қажетті базаны жинақтай алады. Біз сонымен қатар, баланың атына салым ашу рәсімін айтарлықтай жеңілдеттік – бұл үшін тек бір ата-ананың болуы ғана талап етіледі», – деп түсіндірді ВТБ банкінің Қазақстандағы Бөлшек бизнес департаментінің директоры Мария Блбулян.

Салым «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорымен» сақтандырылған. Банктің кеңес алуға арналған тегін нөмірі – 5050.