ВТБ (Қазақстан) «Мир» карталары бойынша шығыс аударымдарын іске қосты

29.06.2023 ВТБ (Қазақстан) өзінің «Мир» карталарының функционалын, олар бойынша ресейлік төлем жүйесінің кез-келген шетелдік банктерінің карталарына аудару мүмкіндігімен толықтырды. Клиенттер VTB KZ Online мобильді қосымшасында қаражат жібере алатын болады. Операция үшін комиссия 1%, ең төменгі сомасы – 700 теңгені құрайды.

Аударымдар «Мир» ВТБ (Қазақстан) виртуалды және пластикалық карталары ұстаушылары үшін қолжетімді. Жаңа функционалды пайдалану үшін клиенттерге «Карточкалық аударымдар» бөліміне өтіп, алушының деректер мен карта нөмірін енгізіп, ақшаны жіберу жеткілікті. Қаражат шотқа күнбе-күн түседі және автоматты түрде аударым жасалған картаның валютасына айырбасталатын болады.

«Мир» карталарына сұраныс осы өнім аясында үнемі жүзеге асырылатын жаңа мүмкіндіктермен бірге арту үстінде. Бүгінгі таңда жеке тұлғалардың сұранысқа ие сервистерінің бірі аударымдар болып табылады – жыл басынан бері біз, ТМД елдерінен 18 мыңға жуық транзакцияны өңдедік. Қазақстаннан шығатын аударымдарды іске қосу біздің клиенттерімізге екі минут ішінде кез келген «Мир» картасына басқа елге ақша жіберуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді ВТБ (Қазақстан) банкінің бөлшек бизнес департаментінің директоры Станислав Козьяков.

«Мир» ВТБ (Қазақстан) картасы бойынша ресейлік төлем жүйесін қолдайтын интернет-дүкендер мен сервистерде онлайн-сатып алулар және VTB KZ Online қосымшасында қызметтерге ақы төлеу де қолжетімді. Шетелде карта арқылы сауда нүктелерінде сатып алуға, «Мир» карталарымен жұмыс істейтін банкоматтардан ақша алуға болады. Картаны Mir Pay қосымшасына қосуға болады және NFC технологиясын қолдайтын Android 7.0 және одан жоғары нұсқасы бар смартфон арқылы жанасусыз сатып алу үшін пайдалануға болады.

«Мир» ВТБ (Қазақстан) пластикалық картасын банктің кез-келген бөлімшесінде еліміздің 17 өңірінде шығаруға болады. Оның құны 2 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, клиенттер цифрлық картаны тегін ала алады. «Мир» карталарына қызмет көрсеткені үшін банк комиссия алмайды.