ВТБ (Қазақстан) салымдарды рубльмен қабылдай бастайды

21.04.2023

ВТБ (Қазақстан) банктің депозиттік желісін кеңейтеді және салымдарды Ресей рублімен жылдық 1% кепілдендірілген тиімді сыйақы мөлшерлемесімен рәсімдей бастайды. Бұл валютадағы жинақ үшін ең жоғары болып табылады. Бөлшек клиенттер Банктің кез-келген бөлімшесінде немесе VTB KZ Online мобильді қосымшасында салым аша алады.

«Комфортный» салымының минималды сомасы – 1 мың Ресей рублі, максималды сомасы – 100 миллион рубль. Депозитті кез-келген уақытта толтыруға және алуға болады. Қаражатты орналастыру мерзімі – 12 ай.

ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғаларының рубльдік депозиттері Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған – кепілдік сомасы баламасында 5 млн теңгені құрайды.

«Бүгінгі күні ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғаларының негізгі жинақ көлемі – 86% – ұлттық валютадағы салымдарға тиесілі. Алайда, соңғы уақытта біз орта және ауқатты сегменттің клиенттері – жеке тұлғаларының қаражатты Ресей рубліне орналастыруға қызығушылығын байқадық. Биыл біз осы бағытты белсенді дамытуды жоспарлап отырмыз, сондықтан нарықтағы ең жоғары мөлшерлеме – жылдық 1% белгілей отырып, біздің желіге жаңа өнімді қосамыз», – деп түсіндірді ВТБ (Қазақстан) банкінің Бөлшек бизнес департаментінің директоры Станислав Козьяков.

Ресей рублінде салымды ашу туралы толығырақ мәліметтерді 5050 нөмірі бойынша байланыс орталығынан, vtb-bank.kz банктің ресми сайтында немесе бөлімшелерде нақтылауға болады.