Жеке тұлғалардың теңгелік депозиттеріне өтемақы есептелді

20.03.2023

Құрметті клиенттер!

2023 жылғы 17 наурызда ВТБ (Қазақстан) Банкінің салымшы-жеке тұлғаларының шоттарына теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы есептелді.

VTB KZ Online мобильді қосымшасында өтемақы сомасын ағымдағы шоттан банктегі депозитке аударуға болады. Ағымдағы сәтте ВТБ-дағы депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме шекті 18,3% (ЖТСМ) құрайды.

Өтемақы сомасын банк бөлімшесінде қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Бөлімшелердің мекенжайлары сілтеме бойынша орналастырылған.

Өтемақы төлеу мәселелері бойынша жедел желі телефоны: +7 (727) 330 59 15.