ВТБ (Қазақстан) ауқатты клиенттерге қызмет көрсетуге арналған алғашқы аймақтарды ашты

28.02.2023

ВТБ (Қазақстан) бөлімшелерде алғаш рет ауқатты сегменттің клиенттері үшін арнайы қызмет көрсету аймақтарын іске қосты. «Артықшылықтың» дербес менеджерлері Банктің Алматы, Астана, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы филиалдарында жұмыс істейтін болады.

«Артықшылық» пакеті банктің премиум қызметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ауқатты клиенттер жеке қызмет, тиімді қаржылық жағдайлар және жоғары деңгейдегі қызмет алады. Бөлімшелерде олар үшін жеке келіссөз бөлмелері және жеке касса қарастырылған.

Бөлінген аймақтарда «Артықшылық» клиенттері кез-келген қаржылық мәселелер бойынша дербес менеджерден кеңес ала алады, депозитті, шотты немесе картаны ашып, толықтыра алады, қолма-қол ақша ала алады, валютаны тиімді бағам бойынша сатып алады немесе сата алатын болады. Сервис шеңберінде менеджердің клиентке баруы және оның отбасы мүшелеріне тегін қызмет көрсету қолжетімді.

«ВТБ (Қазақстан) бүгінде республикадағы бөлшек клиенттермен өз жұмысын белсенді дамытуда және ауқатты сегментпен жасалынатын өзара іс-қимылды неғұрлым сапалы деңгейге шығарады. Біз алғаш рет Қазақстан аумағындағы төрт филиалда «Артықшылық» пакетінің иелері үшін бөлінген аймақтарды аштық. Бұл, ең алдымен, клиенттердің неғұрлым сапалы және дербес сервис алуға, сондай-ақ кредиттік және жинақ өнімдерін арнайы шарттарда пайдалануға деген ұмтылысынан туындайды», – деп түсіндірді ВТБ (Қазақстан) банкінің бөлшек бизнес департаментінің директоры Станислав Козьяков.

«Артықшылық» қызмет көрсету аймақтары банктің келесі ұсынылған филиалдарында орналасқан:

  • Алматы қ., Гоголь к-сі, 39а;
  • Астана қ., Достық к-сі, 12;
  • Шымкент қ., Түркістан к-сі, 65;
  • Қарағанды қ., Бұқар Жырау к-сі, 75

Кеңселердің жұмысы туралы қосымша ақпаратты 5050 нөмірі бойынша алуға болады.