Мереке кезеңіндегі жұмыс кестесі

27.12.2022

Құрметті клиенттер!

Сіздерді келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтаймыз!

2022 жылғы 30 желтоқсанда Банк кеңселерінде кредиттер беру және кассалық операциялар Астана қ. уақыты бойынша сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қолжетімді болатындығын хабарлаймыз. Ұлттық валютадағы, ресей рубліндегі және қытай юаніндегі аударымдар сағат 18:00-ге дейін қабылданады, ал айырбастауға арналған өтініштер валюталандыру күнімен – 2022 жылғы 30 желтоқсан сағат 17:00-ге дейін қабылданатын болады.

2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 3 қаңтарға дейін – демалыс күндері.

4-6 қаңтарда бөлімшелер стандартты тәртіпте – 9:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

4-6 қаңтарда Ресей рублі мен Қытай юанінің қатысуымен жасалынатын аударымдар – 2023 жылғы 9 қаңтар валюталандыру күнімен қабылданады.

4-6 қаңтар аралығында валюта айырбастау мүмкін болмайды.

7 қаңтарда кеңселер сенбі күнгі кесте бойынша сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін жұмыс істейді.

Анықтама телефоны 5050 (ұялы телефоннан тегін).

Ізгі тілекпен, Банк ВТБ (Қазақстан).